Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

СҒЗЖ (Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы) университетте – студенттерді ғылыми зерттеу принциптеріне үйретуге, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, талдау және өзекті мәселелерді шешу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқу процесінің бір бөлігі. СҒЗЖ конференцияларға, байқауларға қатысуды, үйірмелерде жұмыс істеп, жобаларды дайындауды қамтиды.

СҒЗЖ мақсаты: студенттер арасында тұрақты және тиімді ғылыми-зерттеу қызметін қалыптастыру, халықаралық тәжірибеге сәйкес ғылыми зерттеулердің принциптеріне үйрету, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде СҒЗЖ сапасын арттыру.

СҒЗЖ негізгі міндеттері:

1. Зерттеу әдістеріне үйрету: Студенттерде дербес ғылыми жұмыс жүргізу, ақпарат іздеу және шығармашылық ұжымдарда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, ұйымдастырушылық және инновациялық қызметке тарту;

2. Ғылым мен білім интеграциясы: Оқу және зерттеу қызметін біріктіру арқылы кадрларды даярлау сапасын арттыру, студенттерге қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін шешуде өз қабілеттерін жүзеге асыру мүмкіндігін беру;

3. Белсенді қызмет: Зерттеулер, тәжірибелер жүргізу, шаруашылық келісімшарттық жұмыстарға, стартаптарға, конференцияларға және байқауларға қатысу.

ЖОО-дағы СҒЗЖ нысандары:

1.Ғылыми-зерттеу үйірмелері (ҒЗҮ): Институттарда тұрақты сабақтар өткізу.

2.Конференциялар мен олимпиадалар: Республикалық және халықаралық іс-шараларға қатысу.

3.Жарияланымдар: Ғылыми мақалалар жазу.

4.Жобалар: Стартаптар немесе инновациялық шешімдер әзірлеу.

5.Оқу-зерттеу жұмысы (ОЗЖ), оқу жылында пәндерді зерттеу кезінде орындалады.

СҒЗЖ студенттерге сыни ойлау қабілеттерін дамытуға көмектеседі және оларды әрі қарайғы кәсіби немесе ғылыми мансапқа, соның ішінде магистратура мен докторантураға дайындайды.

Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі университеттің институттарында бекітілген СҒЗЖ жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Институттардың СҒЗЖ басқармасы ғылыми жұмыс бойынша директорлардың орынбасарлары тарапынан жүргізіледі. Университеттің СҒЗЖ жетекшісі – ғылым және технологияларды коммерцияландыру департаментінің сарапшы-талдаушысы Айтпаева Зухра Сансызбаевна, PhD, доцент м.а.

Институттар/факультеттердегі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына жауапты тұлғалар

Аты-жөніЛауазымыИнститут/ факультетБайланыс деректері
1Жанаталапов Нурболат Жасталаповичкауымд. профессор, PhDВетеринария және агротехнология институты+77055770875, nurbolat-z86@mail.ru 3 корпус, каб- 207 1-50
2Мажитов Еркебулан Бисенгалиевичдоцент м.а., т.ғ.к.Индустриальды-технологиялық институты+77754084575 Mazhitov201090@mail.ru 6 корпус, каб-213 1-61
3Ибраев Адиль Сериковичдоцент м.а., PhDПолитехникалық институты+77076767864 Ibraevadil2012@mail.ru 5 корпус, каб-208 1-43
4Гумарова Жанар Маратовнакауымд. профессор, PhDЦифрлық экономика және тұрақты даму институты+77716153514 aina_zhg@mail.ru 2 корпус, каб-307 1-44
5Бегалиев Талгат Зауровичаға оқытушы, магистрГуманитарлық, спорт және әскери даярлық факультеті  +7714327530 talgat.begilov@mail.ru 7 корпус, каб-505 1-85
Loading…