Әлеуметтік пакет

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің білім беру бағдарламалары тобы бойынша жоғары білім алу үшін талапкерлер келесідей әлеуметтік мүмкіндіктер ие болады:

  • Мемлекеттік білім грантына ие болу. Ол үшін ҰБТ кезінде жалпы 50 баллдан жоғары, соның ішінде әр пәннен 5 баллдан жинаған талапкерлерге конкурсқа қатысып, мүмкіндікті жіберіп алмау.
  • Жергілікті атқарушы органдардың жариялаған білім грантын беру конкурсына қатысу. Жыл сайын 35 – 40 талапкер Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының әкімдіктері бөлген білім беру гранттарының иегерлері атанады.
  • Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін ауылдық квота басымдық құқығын пайдалану: білім беру бағдарламаларының топтары бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал гранттардың қалған 30 пайызына конкурс тек ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін өткізіледі.
  • Арнайы квоталар бойынша мемлекеттік білім беру грантының иегері атану: Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі.
  • Университетте тегін оқу құқығын беретін гранттар конкурсына қатысу:
    • «Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғаларға – грант саны шектеусіз;
    • халықаралық, республикалық, аймақаралық спорттық жарыстардың, шығармашылық конкурстардың жеңімпаздарына – 10 орын;
    • әлеуметтік жеңілдіктер: жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы толық емес отбасыдан шыққан балаларға – 10 орын.

Ақылы негізде оқуға қабылдау үшін оқу құнынан келесідей жеңілдіктер қарастырылған:

  • ҰБТ кезінде 80 баллдан жоғары жинаған талапкерлерге – 15 %;
    • ҰБТ кезінде 65-80 балл жоғары жинаған талапкерлерге – 10 %
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу