Студенттерді ғылыми зерттеулер мен ғылыми қызметке тарту мақсатында жыл сайын университет студенттерінің ғылыми жұмыстарын көрсететін конференциялар, байқаулар, олимпиадалар, көрмелер өткізіледі. Студенттер мақалалар жазады, рефераттар даярлайды, ғылыми конференциялар мен семинарларда баяндамалар жасайды.
Университетіміздің студенттері жыл сайын Қазақстанда және шетелде (РФ) өткізілетін олимпиадаларға, фестивальдер мен форумдарға қатысады.
Ғылыми жетістіктер дәстүрін жалғастыра отырып, университетіміздің студенттері республикалық және халықаралық деңгейде өтетін олимпиадаларға белсенді қатысады. Бұл іс-шаралар ғылым мен технологияның әртүрлі салаларында білім мен дағдыларды көрсету үшін маңызды алаңға айналады. Олимпиадаларға қатысу студенттерге тек теориялық білімдерін тексеріп, тереңдетуге ғана емес, басқа оқу орындарынан және елдерден келген әріптестер мен сарапшылармен өзара іс-қимыл жасай отырып, практикалық тәжірибе жинауға да мүмкіндік береді.
Есепті жылы университет қабырғасында екі конференция өткізілді: ХІІ Халықаралық ғылыми-практикалық студенттер, магистранттар мен докторанттар конференциясы «ҒЫЛЫМҒА ҚАДАМ – 2025»
(https://www.instagram.com/p/DId-5A3o3V3/?igsh=MWRhamxpanR6aWhsMg
https://www.instagram.com/reel/ DIg DRaht LBN/?igsh=NG0xMHR0dGcxbGs
https://www.instagram.com/reel/DIjvWZMMPh8),
ҚР АШҒА академигі, Қазақстан Республикасының Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессордың 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (https://www.instagram.com/p/DSsytheCjKk/?img_index=5&igsh=ZW9sbWkxOTZ4ZHp5
https://www.instagram.com/reel/DSrvI4-iLrT/?igsh=d3BuaDQ1ZDRoOWti)
Биыл университетте студенттерді, жас зерттеушілер мен оқытушыларды ғылым, білім және инновация саласындағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында біріктірген қазақ ақбас ірі қара малының құрылғанына 75 жыл толуына орай студенттердің, магистранттардың және докторанттардың «Жас ғалымдардың заманауи зерттеулері» атты ХІІ халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы сәтті өткізілді
https://www.instagram.com/reel/DW6V7rIilxH/?igsh=MWNndWRscDRta2Y3aw
https://www.instagram.com/reel/DW6cDn1jF0v/?igsh=eTN2M3FqODRodm9u
Конференция тәжірибе алмасу, ғылыми жұмыстарды таныстыру және білім алушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға арналған маңызды алаңға айналды.