Политехникалық институты

Политехникалық институттың тарихы 1963 жылдан басталады, ол кезде «Ауыл шаруашылығын механикаландыру факультеті» болып құрылды. Факультеттің міндеті – Батыс Қазақстанның 4 облысы (Орал, Ақтөбе, Гурьев және Қызылорда) үшін ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру бойынша жоғары білікті мамандар даярлау болды.

Факультеттің алғашқы деканы – математика ғылымдарының кандидаты, доцент Хайрулла Кенжеғұлұлы Кенжеғұлов. Ол бастамашыл басшы, білікті педагог және жоғары мектептің ұйымдастырушысы ретінде факультетте оқу үрдісін қалыптастыру үшін көп еңбек етті. Оның жетекшілігімен инженерлік-педагогикалық ұжым құру басталды, жаңа кафедралар құрылды, оқу аудиториялары мен мамандандырылған зертханалар жабдықталды. 1965 жылы бастап техника ғылымдарының кандидаты Павел Иванович Кульпин факультет деканы болып тағайындалды. Ол оқытушылар мен студенттердің шығармашылық жұмыстарына қолайлы жағдай жасады. Алғашқы жылдары факультетте физика (кафедра меңгерушісі Я.Е.Шумский), жоғары математика (Х.К.Кенжеғұлов), жалпы техникалық пәндер (Х.С.Сағнаев), ауыл шаруашылығын механикаландыру (А.А.Миценко) кафедралары жұмыс істеді. Кейінгі уақытта кафедралар бөлініп, біріктіріліп, жаңалары құрылды.

Факультет оқытушылары мен студенттері арнайы пәндер бойынша оқу тәжірибелерін, сабақтарын оқу-тәжірибелік шаруашылығында өткізді. Сол жылдары құрылған сынау қондырғылары, машиналарды жөндеу және пайдалану жөніндегі зертхананың жабдықтары мен аспаптары кейіннен қолданылды және оқу-тәжірибе шаруашылығы машиналарын жөндеу шеберханасын жабдықтауға негіз болды.

1969 жылы факультет деканы болып Сергей Шұғаұлы Джубаев тағайындалды, ол факультеттің жаңа студенттік қалашыққа көшуін ұйымдастырушылардың бірі болды. 1977 жылдан бастап факультет деканы болған Юрий Яковлевич Бенцлер әкімшілік қызметімен қатар ғылыми жұмыспен нәтижелі айналысты. Оның тікелей қатысуымен факультет бірінші болып институтта оқудағы, тәртіптегі, тұрмыстағы және қоғамдық-пайдалы еңбектегі ұжымдық жауапкершілік үшін қозғалыс ұйымдастырды. Оқу үрдісіне ұжымдық мердігерлік қағидатын енгізу бастамасы – оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясында жаңа әдістерді іздестірудегі университет басшылығының эксперименталдық бастамасы болып табылады.

1983 жылы оқу үрдісіне 10 мамандандырылған кафедра қызмет етті, онда 88 оқытушы, оның ішінде 30 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Факультет құрамына «Тракторлар мен автомобильдер», «Ауыл шаруашылық көліктері», «Көлік-трактор паркін жөндеу және пайдалану», «Еңбекті қорғау және өндірістік оқыту», «Мал шаруашылығы фермаларын механикаландыру» және т.б. кафедралар кірді. 1987 жылдан 1993 жылға дейін факультет деканы болып Ленинград кеме жасау институтының аспирант-түлегі Андеш Бекитжанович Абдрахманов жұмыс істеді. 1993-1999 жылдары факультетті Ахмет Жакиұлы Мурзагалиев басқарды. 2000-2020 жылдар аралығында факультетті ғылым кандидаттары Юрий Яковлевич Бенцлер, Раниль Рафхатұлы Джапаров, Рахметулла Құсайынұлы Кусайнов, Рашид Болатұлы Ширванов, Ермек Сәтпайұлы Айталиев, Аскар Асылғалиұлы Бакушев басқарды.

2019 жылы қыркүйек айында Политехникалық факультет «Политехникалық институт» болып қайта құрылды. 2020 жылдың наурызынан бастап «Политехникалық институтты» техника ғылымдарының кандидаты Жанна Қайыржанқызы Кубашева басқарады. Қазіргі уақытта институт жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі 11 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды.

Институттың оқытушылары барлық техникалық бағыт бойынша оқитын білім алушыларға жоғары оқу-әдістемелік үрдісте дәріс, практикалық сабақтар жүргізеді. Олардың ішінде ғылым докторлары Е.С.Айталиев, Б.Н.Нуралин, ғылым кандидаттары Р.Р.Джапаров, Ш.Ж.Махмудова, Н.С.Жексембиева, Е.М.Джаналиев, Ж.К.Кубашева, М.К.Дусенов, С.Г.Хайруллина, К.К.Оқас, Д.А.Джапарова, Г.С.Сайфутдинова,  PhD докторлары А.Е.Сәрсенов, А.С.Ибраев, Е.Т.Ербаев, ЖАК доценті М.К.Бралиев, сонымен қатар техника және педагогика ғылымдарының магистрлері бар. Соңғы бес жылда академиялық білім деңгейін көтеріп,  РФ университеттерінде А.Е.Сәрсенов, А.С.Ибраев, Е.Т.Ербаев, С.Г.Хайруллина, К.К.Оқас, Д.А.Джапарова, Г.С.Сайфутдинова кандидаттық диссертацияларын қорғап, ғылым кандидаты дәрежесін алды.

Институт білім алушылары өндірістік тәжірибеден қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарында өтеді: «БҚ АЭК» ЖШС, «Трансформатор зауыты» ЖШС, «KEGOC» АҚ, «Уральскагрореммаш» АҚ, «Зенит» зауыты, «Гидроприбор» ҒЗИ, «Жайық жылу қуат» АҚ, «Орал құс фабрикасы» ЖШС және т.б.. Институт алыс және жақын шетел (Мәскеу, Саратов, Самара, Орынбор және т.б.) қалаларында ғылыми-педагогикалық кадрлармен тұрақты алмасуды және жас ғалымдардың тағылымдамасын өткізеді. Институтта белсенді түрде тәжірибе жинайтын, ғылыми конференцияларға қатысатын және болашақта өз ұстаздарының қолынан эстафетаны лайықты қабылдайтын жас ғалымдар, оқытушылар еңбек етеді.

Оқытушылар
Байланыс
Кубашева Жанна Қайыржанқызы
Директор
05 - 202
2-16, 8 (7112) 50 10 85
Утемисова Нұржүз Елеусізқызы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
05 - 202
2-16, 8 (7112) 50 10 85
Джаналиев Ерназар Мақсотұлы
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
05-309
1-48
Ибраев Әділ Серікұлы
Директордың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша орынбасары
05-115
1-43
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу