Жәңгір хан университетінің «Өнеркәсіптік экология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерінен құралған “БҚАТУ экологтары” командасы “EcoFuture: Таза Қазақстан” квест ойынында
1-орынды жеңіп алды.
“Заң мен тәртіп” тұжырымдамасы аясындағы шараны Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Квест ойынына ЖОО-нан барлығы 6 команда қатысты.
Ойынның мақсаты – қатысушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, командалық жұмыс, көшбасшылық және жылдам шешім қабылдау дағдыларын дамыту. ![]()
“EcoFuture: Таза Қазақстан” квест ойыны
