Жоба / бағдарлама тақырыбының атауы:
АР25797123 «Көшім тұқымды жылқылардағы ет өнімділігінің белгілері бар ассоциацияларды толық геномдық іздеу»

Негізгі ақпарат

Өтінім берілетін ғылымның дамуының басым бағыты: Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту

Зерттеудің мамандандырылған ғылыми бағыты: Қарқынды мал шаруашылығы

Жобаның / бағдарламаның ғылыми жетекшісі: Г.С.Бекова, PhD

Жүзеге асыру кезеңі, ұзақтығы (ай): 01.02.2025 – 31.12.2027 жж., ұзақтығы – 35 ай.

Жалпы және жылдар бойынша қаржыландыру көлемі: 30 000 000 тг.

2025 жыл – 10 000 000 тг.

2026 жыл – 10 000 000 тг.

2027 жыл – 10 000 000 тг.

Зерттеу немесе жоба нысаны: көшім тұқымды жылқылар

Жобаның / бағдарламаның мақсаты: SNP-генотиптеу деректерінің негізінде көшім тұқымды жылқылардың өсу және даму қарқындарымен SNP ассоциацияланған белгілерді анықтау, олардың биологиялық рөлін сипаттау және малдарды іріктеу әдісін жетілдіру және маркерлік селекцияда пайдалану үшін олардың фенотиптік әсерлерін мөлшерлік бағалау.

Жобаның / бағдарламаның міндеттері
  1. Геномды кеңінен қамтитын генотиптеу арқылы көшім тұқымды жылқылардың популяцияларының генетикалық әртүрлілігін зерттеу.
  2. Көшім тұқымды жылқылардың өсу және даму қарқындарымен ассоциацияланған SNP-полиморфизмдерді анықтау.
  3. Көшім тұқымды жылқылардың зерттелетін белгілерімен ассоциациясының анықталған маңыздылығы жоғары SNP геномдық оқшаулануын сипаттау.
  4. Көшім тұқымды жылқылардың өнімділігімен ассоциацияланған SNP бар гендерді анықтау.
  5. Құрамында SNP бар гендердің биологиялық рөлін сипаттау және жылқылардың өнімділік қасиеттерін реттеу мен фенотиптік жүзеге асыруға қатысатын ықтимал гендік желілерді талдау.
  6. Малдардың өнімділігінің жоғары деңгейін таңбалайтын SNP фенотиптік әсерлеріне мөлшерлік баға беру.
  7. Көшім тұқымды жылқылардың өнімділік қасиеттеріне әсер ететін маркерлік SNP тізбесінің ұсынымын әзірлеу.
Алынған нәтижелер мен жаңалығы

«Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ-ның Ветеринарлық медицина және агротехнология институтында 2022-2024 жж. 8D080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасының аясында Г.С.Бекованың «Геномды кеңінен қамтитын SNP-генотиптеу негізінде жабы типті қазақ жылқыларының өнімділік қасиеттерін зерттеу» тақырыбында жүргізген диссертациялық зерттеуі жобаны әзірлеудің алғышарты болып табылады.

Жобаның аясында алу жоспарланып отырған көшім тұқымды жылқылардағы ет белгілерімен ассоциациялаудың маңыздылығы жоғары SNP гендік және геномдық оқшаулауын зерттеу нәтижелері алдағы уақытта жабы типті жылқылардың геномдық деректерімен салыстыру талдауын жүргізуге және өсу және даму қарқындарын басқару үшін жауап беретін геномның жалпы және тұқымдық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл басқа тұқымдарға қатысты салыстырмалы деректерді ғана емес, сондай-ақ болжалды деректерді алуға және алдағы уақытта ұқсас зерттеулерді жүргізген кезде іздеу шектерін түзетуге мүмкіндік береді. Теориялық тұрғыдан басқа тұқымдардың SNP-маркерлеріне қанық геномның учаскелерінде оқшауланған маркерлік SNP тұқымдық төзімді фенотиптік әсерлермен сипатталауы тиіс, бұл жылқылардың өсу және даму қарқындарын ерте диагностикалаудың тұқымдық әмбебап ДНҚ әзірлеуге жақындатады.

Жобаның нәтижелері жекеменшік және мемлекеттік шаруашылықтарға өнімділік әлеуетін генетикалық бағалау қызметтерін көрсету үшін пайдаланыла алады, бұл әзірлеуші ұйымның ұқсас генетикалық қызмет көрсету нарығындағы бәсекеге қабілеттігін айтарлықтай арттырады.

Күтілетін нәтижелер

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде:

  1. геномды кеңінен қамтып генотиптеу арқылы көшім тұқымды жылқылардың генетикалық әртүрлілігі зерттеледі;
  2. көшім тұқымды жылқылардың өсу және даму қарқындарымен ассоциацияланған SNP-полиморфизмдер анықталады;
  3. көшім тұқымды жылқылардың зерттелетін белгілерімен ассоциациясының анықталған маңыздылығы жоғары SNP геномдық оқшаулануы сипатталады;
  4. көшім тұқымды жылқылардың өнімділігімен ассоциацияланған SNP бар гендерді анықталады;
  5. құрамында SNP бар гендердің биологиялық рөлі сипатталады және жылқылардың өнімділік қасиеттерін реттеу мен фенотиптік жүзеге асыруға қатысатын ықтимал гендік желілер талданады;
  6. малдардың өнімділігінің жоғары деңгейін таңбалайтын SNP фенотиптік әсерлеріне мөлшерлік баға беріледі;
  7. көшім тұқымды жылқылардың өнімділік қасиеттеріне әсер ететін маркерлік SNP тізбесінің ұсынымы әзірленеді.Енгізу дәрежесі: жоқ
Жоба аясында жарияланған жұмыстардың тізімі

Web of Science деректер базасында импакт-фактор бойынша үш квартильден біреуі бар немесе Scopus деректер базасында CiteScore бойынша кем дегенде 50 процентилі бар журналдарда 2 мақала жарияланады.

 

 

📚 Loading…