Негізгі ақпарат
Өтінім берілген ғылымды дамытудың басым бағытының атауы. 3) Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар
Зерттеудің мамандандырылған ғылыми бағытының атауы: 9. Жасанды интеллект
Жобаның ғылыми жетекшісі: Жаксыбаев Дархан Оракбаевич, PhD, доцент м.а.
Іске асыру кезеңі, аймен есептегендегі ұзақтығы: 27.02.2025-31.12.2027 жж., ұзақтығы 35 ай.
Қаржыландырудың жалпы көлемі және жылдар бойынша: 29 777,73 мың.тг,
2025 жыл – 9 817, 337 мың. тг;
2026 жыл – 9 995, 213 мың. тг;
2027 жыл – 9 965, 180 мың. тг.
Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау нысандары:
Білім алушыларда сыни ойлауды дамытуға бағытталған білім беру процесі.
Білім беру платформасы
Оқушылардың сыни ойлауы
Жоба / бағдарламаның мақсаты:
Жасанды интеллект технологиялары арқылы және кітапхана деректері мен тегін ашық ресурстар негізінде білім беру платформасын әзірлеу, сондай-ақ оқушылардың сыни ойлауын дамытуға бағытталған цифрлық құралдар жиынтығын әзірлеу және енгізу.
Зерттеу тобының құрамы:
| № п/п | Аты-жөні | Жоба орындаушысы | Scopus Author ID | ORCID |
| 1 | Жаксыбаев Дархан Оракбаевич | Жоба жетекшісі, PhD, доцент м.а. | 57223322528 | https://orcid.org/0000-0001-6355-5431 |
| 2 | Самбетбаева Мадина Аралбаевна | Ғылыми кеңесші, PhD, қауымдастырылған профессор | 57188805832 | https://orcid.org/0000-0001-9358-1614 |
- Сыныптан тыс білім беру аясында оқушылардың сыни ойлауын дамытудың теориялық мәселелерін зерттеу.
- Әрбір білім алушының дайындық деңгейі мен қызығушылығын ескере отырып, оқытудың жеке траекторияларын әзірлеу.
- Жекелендірілген ұсыныстарды автоматты түрде құру, оқу үлгерімін талдау және білім беру ресурстарын таңдау үшін жасанды интеллектіні пайдалану.
- Әр баланың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін мектеп оқушыларының сыни тұрғыдан ойлауын дамытудың құралдарын құру.
- Геймификация әдістерін қолдана отырып, жасанды интеллект технологияларының көмегімен білім беру платформасын әзірлеу және оқушылардың сыни ойлауын дамытуға бағытталған цифрлық құралдар жиынтығын енгізу
Meta_ozat кешенді білім беру платформасы әзірленеді. Meta_Ozat жасанды интеллект пен геймификацияны интеграциялауға бағытталған, бұл сыныптан тыс білім беруде мектеп оқушыларының сыни ойлауының жекелендірілген дамуына ықпал етеді. Платформа сыни ойлауды, шығармашылықты және мәселелерді өз бетінше шешуге арналған әртүрлі цифрлық құралдарды қамтиды.
-Web of Science дерекқорындағы импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартильдегі журналдарда кемінде 2 (екі) мақала немесе Scopus дерекқорында citescore бойынша кемінде 50 процентиль бар.
Басқа нәтижелер:
- Геймификация арқылы оқушылардың сыныптан тыс білім деңгейін арттыруға бағытталған электрондық зияткерлік сервис құру.
- Қосымша оқу үшін әдебиеттерді, энциклопедияларды және ғылыми еңбектерді қамтитын кең мәліметтер базасын құру.
- Сыныптан тыс оқуға қолайлы әдебиеттерді таңдау үшін іздеу жүйесін құру.
- Пайдаланушылардың сауалнамасы негізінде қосымша оқуға арналған материалдарды ұсыну үшін жасанды интеллект алгоритмдерін енгізу.
- Оқылған мәтіндер бойынша жеке сұрақтар мен тапсырмаларды құру үшін ЖИ алгоритмдерін әзірлеу.
- Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған құралдарды ұсыну.