Негізгі ақпарат
267 “Ғылымды дамыту” бюджеттік бағдарламасы, 101 “Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру” кіші бағдарламасы
Бағдарлама тақырыбының атауы: BR22883585 «Жайылымдардың өнімділік әлеуетін арттырудың және ұтымды пайдаланудың тиімді технологияларын әзірлеу».
Ғылымды дамытудың басым бағытының атауы. 5. Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі.
Зерттеудің мамандандырылған ғылыми бағытының атауы: 5.1. Қарқынды мал шаруашылығын дамыту.
Бағдарламаның басталуы мен аяқталуының болжамды күні, оның ұзақтығы айларда: 01.29.2024-31.12.2026 ж.ж., ұзақтығы 36 ай.
Бағдарламаның мақсаты: Жайылымдардың өнімділік әлеуетін арттырудың және ұтымды пайдаланудың тиімді технологияларын әзірлеу.
Бағдарламаға өтініш беруші ұйым. “Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Бағдарламаны орындаушылар:
“Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті” КЕАҚ;
“Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті” КЕАҚ;
“Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті” КЕАҚ;
“М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті” КЕАҚ;
“Торайғыров университеті” КЕАҚ;
“С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті” КЕАҚ;
“Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты” мекемесі;
“Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы” ЖШС;
“Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ҒЗИ” ЖШС;
“Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті” КЕАҚ;
“Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми өндірістік орталығы” ЖШС;
“Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” ЖШС.
Бағдарламаның ғылыми жетекшісі Насиев Бейбит Насиевич – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі. 1993 жылдан бері шалғындық жайылым шаруашылығы мәселелері, тозу және шөлейттену процестерін, мал азықтық дақылдар агрофитоценоздарын құру мәселелері бойынша ғылыми жұмыс жүргізіп келеді. Оның жетекшілігімен Батыс Қазақстан облысы далалық және шалғындық мал азығы өндірісінің ғылыми мектебі қалыптасты, 2009 және 2015 жылдардағы ҚР ЖОО үздік оқытушысы.
12 монографияның, 1 патенттің, 7 пайдалы модель патентінің, 5 қорғау құжатының, Web of Science, Scopus және Agris базаларында жарияланған 370 ғылыми мақаланың авторы.
Жетекші халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда, соның ішінде бағдарлама бағыты бойынша үнемі мақалалар жариялайды.
Scopus базасы бойынша Хирш индексі – 8.
Web of Science бойынша Хирш индексі – 3.
РҒЦИ бойынша Хирш индексі -5.
Зерттеу тобының мүшелері:
Б. Мұхамбетов, а.ш.ғ. докторы. 1971 жылдан бастап мал азығын өндіру мәселелері бойынша ғылыми жұмыс жүргізіп келеді. 160 астам ғылыми жұмыстары бар. Аркас, Сарайшық жоңышқасының 2 сортының авторы. Scopus базасы бойынша Хирш индексі – 2. Ғылыми жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ғылыми-практикалық тәжірибесі жеткілікті. 2000-2017 жылдары ҚР БҒМ мен ҚР АШМ жобаларына жетекшілік етті.
А.К. Қарынбаев, а.ш.ғ. докторы. 250, соның ішінде Scopus және Clarivate Analytics беттерінде жарық көрген ғылыми еңбектер авторы. Ғылыми жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ғылыми-практикалық тәжірибесі жеткілікті.
С. Қалдыбаев, а.ш.ғ. докторы, ҚР АШҒА академигі. 150 астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография, 12 оқулық, 2 оқу құралының және 7 өндірістік ұсынымның авторы. Хирш индексі – 4. 2000-2017 жылдары ҚР БҒМ мен ҚР АШМ, сондай-ақ Дүниежүзілік Банк жобаларына жетекшілік етті. Оның жетекшілігімен 5 PhD докторы және 10 магистр диссертация қорғады.
К.Ш. Смаилов, а.ш.ғ. докторы, профессор. 1976 жылдан бастап сортаң жерлерді жақсарту, жайылымдарды құру және ұтымды пайдалану, жайылымдық ресурстарды басқару, азық өндіру және жемшөп өндірісін дамыту үшін дақылдарды іріктеу мәселелері бойынша ғылыми жұмыстар жүргізіп келеді. Ол 150-ге жуық ғылыми еңбек жариялады, 12 ұсыным, 3 ғылыми еңбек, жайылым шаруашылығы бойынша 2 оқулық және азық өндірісі бойынша 2 оқулық шығарды. Аталған мәселе бойынша 4 патенті және авторлық құқық объектісіне құқықты мемлекеттік тіркеу туралы 1 куәлігі бар. Оның жетекшілігімен 11 ғылым кандидаты ( оның 1 – Сомали мемлекетінен және 1 –Нигериядан), 2 ғылым докторы және 1 PD докторы қатарға қосылды. Scopus бойынша Хирш индексі – 2.
М.Қ. Оңаев, техника ғылымдарының кандидаты, доцент. 30 жылдан астам уақыт бойы мелиорация, жайылымды көлтабандық суару, суландыру мәселелерімен айналысып келеді. Ғылыми жобалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар. 2010-2023 жылдары ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 4 жобасы және ҚР АШМ БНҚ 2 жобасы бойынша жетекшілік атқарды. 270 астам, оның ішінде Scopus және Agris базаларында жарияланған ғылыми еңбегі бар. Scopus базасы бойынша Хирш индексі – 2.
Г.Ж. Стыбаев, а.ш.ғ. кандидаты, профессор, h- индексі – 2, 20 жылдан астам уақыт бойы өнімділігі жоғары жайылымдарды үнемдеу технологияларын, жемшөп дайындау технологиясын әзірлеумен айналысады. Республикалық гранттық және халықаралық жобалардың жетекшісі болып табылады. 1 PhD, 18 магистр, 30 астам бакалавр дайындап шығарды. Өнертапқыштық патенттердің авторы, Web of Science және Scopus базасының отандық және шетелдік ғылыми басылымдарында 65 мақаласы жарияланған.
Г.Р. Қабжанова – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, “Қазақстан Ғарыш Сапары” ҰК” АҚ Кеңістік деректері департаментінің ауыл шаруашылығы өндірісі мониторингі басқармасының бастығы. 68 ғылыми жұмыстың, оның ішінде 22 ұсынымның, 2 пайдалы модель патентінің авторы. Жетекші халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда, соның ішінде Бағдарлама бағыты бойынша үнемі мақалалар жариялап тұрады. Web of Science бойынша Хирш индексі – 2, Scopus бойынша Хирш индексі – 3.
В.А. Тумлерт – техника ғылымдарының кандидаты, “Мелиорация, экология және сумен жабдықтау” бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, “Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” ЖШС бөлім басшысы. 140 ғылыми жұмыстың, оның ішінде 16 ұсынымның, КСРО-ның 18 авторлық куәлігінің, ҚР 3 патентінің, өнертабысқа ҚР 11 инновациялық патентінің авторы. Жайылымдық жерлерді суландыруды зерттеу бойынша жобаларға жетекшілік ету тәжірибесі бар. Тумблер В.А. жетекші халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда, соның ішінде бағдарлама бағыты бойынша мақалалар жариялайды. Scopus бойынша Хирш индексі – 1.
Н.Э. Бекмұхамедов – ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, “Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы” АҚ Ғарыштық мониторинг зертханасының меңгерушісі. Бағдарлама шеңберінде жайылымдардағы сортаң жерлерді ғарыштық зерттеулерді әзірлеуге және жүргізуге, жердегі топырақты зерттеуге арналған типтік сынақ полигондарын анықтауға қатысады. Орта және төмен ажыратымдылықтағы (Landsat 8, Modis Terra, Aqva) спутниктік ақпаратты пайдалана отырып, топырақ түрлерін қашықтықтан бағалау алгоритмін әзірлеу және бағдарламаның 7-міндетіне сәйкес GEE және ЖҚЗ суреттерін пайдалана отырып, ғарыштық суреттердің нәтижелері бойынша жайылымдарда сортаң жерлерді картаға түсіру бойынша жұмыстарды орындайды.
Зерттеу тобының мүшесі мәлімделген тақырып бойынша алдын ала жүргізілген зерттеулерге ие, Қазақстан Республикасының пайдалы моделі патенттерінің авторлары болып табылады:
1. Оңаев М. Қ., Шадьяров Т. М., Денизбаев С. Е., Ожанов Г. С., Умбеткалиев Н. М. «Способ обводнения пастбищ искусственным водоисточником». № 6915 от 04.03.2022г.
2. Оңаев М. Қ., Шадьяров Т. М., Ожанов Г. С., Денизбаев С. Е., Умбеткалиев Н. М «Способ обводнения модульным контуром искусственного водоисточника». № 7093 от 13.05.2022г.
3 Кабжанова Г.Р., Курмашева А.Ж., Алибаева М.Т., Бисембаев А.Т. «Способ анализа данных дистанционного зондирования Земли для характеристики типов пастбищной растительности степной и сухостепной зон». № 7494 от 24.07.2022г.
4. Шаяхметова А.С, Савенкова И.В., Ахметов М.Б., Таскулова А.М., Усеинов А.А., Темирбулатова А.К. «Способ восстановления пастбищ» № 8295 от 19.04.2023г.
5. Кузембайулы Ж, Карынбаев А.К. «Способ определения общей питательности травостоя природных кормовых угодий с учетом легкопереваримых углеводов». № 8381 от 25.08. 2023г.
6. Нургазиев Р.Е., Ирмулатов Б.Р., Шегенов С.Т., Шадьяров Т.М., Бельгибаева А.С., Аленов Ж.Н. «Способ создания сенокосно-пастбищного конвейера». №8428 от 22.09.2023г.
7. Аленов Ж.Н., Нургазиев Р.Е., Ирмулатов Б.Р., Шегенов С.Т., Шадьяров Т.М., Бельгибаева А.С. «Способ обработки почвы под многолетними травами». № 8429 от 22.09.2023г.
2024 жылы жарияланған мақалалар
Жақын шетелде жарияланған мақалалар:
1 Тумлерт В.А., Устабаев Т.Ш., Тельгараева Г.Е. Повышение водообеспеченности пастбищных территорий с использованием подземных вод // Наука и мир. Город издания?,- 2024. – №9 (133). – С. 26–29. ISSN 2308-4804.
URL https://scienceph.ru/f/science_and_world_no_9_133_september.pdf
Шетелде жарияланған конференция материалдары мен тезистер:
1 Nasiyev B., Khiyasov M., Bekkaliyev A., Zhanatalapov N.Effective grazing technologies for the rational use of pastures in livestock farming // Инновационные подходы в современной науке: Мат. межд. науч.прак. конф. № 14 (170) Июль 2024 г. – Москва: М., Изд. «Интернаука». – Москва, 2024. – С.26-30. ISSN 2587-8603
https://www.internauka.org/authors/nasiyev-beibit-nasiyevich
Өзектілігі. Бағдарлама идеясы тозу және шөлейттену процестерін тежеу, климаттың жаһандық жылыну салдарын жұмсарту және Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету шеңберінде жайылымдық жерлерді сапалы басқаруды қамтамасыз ету мақсатында елдің Ауыл шаруашылығы министрлігінің алға қойған міндеттерін шешуге бағытталған. Бағдарламаны іске асыру кезінде ғалымдар өнімділік әлеуеті жоғары көпжылдық және біржылдық азықтық дақылдар агрофитоценоздарын құрады; елдің шөлейт және шөлді аймағының жайылымдарын жақсарту үшін аридтік дақылдарды зерделейді; жайылымдардың жемшөптік, энергетикалық құндылығын және азықтық сыйымдылығын бағалай отырып, ауыл шаруашылығы малын жаюдың тиімді технологияларын зерттейді; айналасы қоршалған жайылымдар үшін көпжылдық шөп қоспаларын таңдайды; жер асты суларымен жайылымдарды суландыру мәселелерін шешеді; ГАЖ қолдану арқылы жайылымдардағы сортаң жерлердің деректер базасы құрылады. Бағдарлама нәтижесінде әр аудан үшін мал басын тиімді орналастыру, жайылымдарда ауыл шаруашылығы малын жаю жүктемесінің рұқсат етілген нормалары және жайылымдарды басқару мен пайдаланудың үлгі жоспарлары ұсынылатын болады.
Бағдарламаның инновациялық мазмұны Қазақстан Республикасының әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарынан ғылыми-білім беру мекемелерін тарта отырып, жайылымдардың өнімділігін арттырудың және ұтымды пайдаланудың тиімді технологияларын әзірлеудің заманауи, сондай-ақ әлемдік тәжірибеде сыналған тәсілдерді пайдалана отырып, кешенді ғылыми зерттеулер ұйымдастыру арқылы елдің жайылым шаруашылығының проблемаларын шешуден тұрады.
Бағдарламаның 1-ші жылында.
Жүргізілген зерттеулер негізінде 2024 жылы өнімді әлеуетті арттыру және жайылымдарды ұтымды пайдаланудың тиімді технологияларын әзірлеу мақсатын шешу бағытында ғылыми деректер алынды.
Негізгі сындарлы және техникалық экономикалық көрсеткіштер: Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарында өнімділігі кемінде 10-25 ц/га құнарлы жем-шөп өндірудің жоғары өнімді агрофитоценоздарын құру, қоршалған жайылымдар үшін шөп қоспаларын құрастыру, Қазақстанның шөлейт және шөлді аймақтарында жайылымдардың өнімділігін 1,5 есеге дейін арттыруға мүмкіндік беретін оңтайлы аридті өсімдіктерді таңдау; Жайылымдардың өнімділігін 8-10%-ға арттыруға және жайылатын малдың өнімділігін 10-15%-ға көтеруге мүмкіндік беретін маусымдық және маусымішілік жайылымдық учаскелерді пайдалану тиімді технологияларын әзірлеу, жер асты суларының ресурстарын пайдалану есебінен жайылымдарды тиімді суландыру тәсілдерін әзірлеу; ГАЖ технологияларын қолдана отырып, топырақ пен өсімдіктерді кешенді зерттеу негізінде жайылымдарда сортаңды жерлердің деректер базасын құру; Фермерлерге жайылымдарда а.ш. мал басын тиімді орналастыру, а.ш. малдарының жайылымдарға түсіретін жүктемесінің рұқсат етілген нормаларын, жайылымдарды басқару мен пайдаланудың үлгілік жоспарларын даярлауды қамтитын тиімді технологияларды әзірлеу күтілуде.
- Гидрогеологические характеристики водозаборных обводнительных сооружений Жамбылской области
- Гидрогеологические характеристики водозаборных обводнительных сооружений ЗКО
- Цифровые карты пастбищных угодий, разработанные на основе данных ДЗЗ
- Цифровые карты анализа данных ДЗЗ
- Результаты оценки допустимой нормы нагрузки на общую площадь пастбищ
- Приложение Типового Плана управления пастбищ
- Гидрогеологические характеристики водозаборов подземных вод на пастбищах
- Материалы по обводнению пастбищ по Атырауской области
- Цифровые карты маршрутов полевых обследований 2025-1
- Атырау облысының маршруттық цифрлық картасы
- Түркістан облысының суландыру құрылыстарының ГАЖ картасы
- Түркістан облысында тексерілген құрылыстардың координаттары
- Жүктеме карталары:
Қазақстан Республикасының табиғи-климаттық аймақтарына қарай азықтық алқаптарда құнарлы жем өндіру үшін 10 гектардан кем емес ауданда кемінде 10-25 ц/га түсім беретін өнімділігі жоғары көпжылдық және біржылдық азықтық дақылдарды себу арқылы агрофитоценоздар құрылатын болады;
Қазақстанның шөлейт және шөлді аймақтарында жайылымдардың өнімділігін 1,5 есеге дейін арттыруға мүмкіндік беретін аридтік азықтық дақылдардың агротехникалық іс-шаралары жүргізіледі;
Жайылымдардың өнімділігін 8-10% арттыруға және жайылатын малдың өнімділігін 10-15% ұлғайтуға мүмкіндік беретін жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін ауыл шаруашылығы малын (маусымдық және маусымішілік жайылым учаскелері) жаюдың тиімді технологиялары әзірленеді (өсімдік және топырақ жамылғысының көрсеткіштерін зерделеу, жайылым азығының жемшөптік және энергетикалық құндылығын бағалау, азықтық сыйымдылығын анықтау арқылы);
Қазақстан Республикасының әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарындағы түрлері мен өнімділігін ескере отырып, өсімдік жамылғысының көрсеткіштеріне қарай малды тиімді орналастыру жөніндегі ұсыным әзірленеді;
Су ресурстарының нақты жай-күйін анықтау үшін жайылымдық жерлерге гидрогеологиялық зерттеу жүргізіледі; Сондай-ақ 1:200 000 масштабпен жайылымдық аумақты суландыру үшін жер асты суларының болуы және пайдаланылуы туралы гидрогеологиялық карта әзірленеді;
Қазақстанның аудандарында жайылымдардың басым түрлерінде ауыл шаруашылығы малын жаю жүктемесінің рұқсат етілген нормалары бойынша ұсынымдар әзірленеді.
Аудандар бөлінісінде жайылымдарды басқару мен пайдаланудың үлгілік жоспары әзірленеді.
ГАЖ технологиялары көмегімен сортаң жерлердің деректер базасы құрылады, жайылымдық алқаптар жай-күйін, топырақ пен өсімдік жамылғысының морфологиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін ескере отырып, зерттеледі. Алынған деректер негізінде сортаң жерлердің цифрлық картасы және олардың Қазақстанның географиялық немесе климаттық аймақтарында пайдаланылуы бойынша ұсыным әзірленеді.
Қазақстан Республикасының табиғи-климаттық аймақтары бойынша қоршалатын жайылымдар үшін көпжылдық шөптердің қоспаларын өсірудің тиімді технологиялары дайындалады.
Жайылымдардың өнімділік әлеуетін арттырудың және ұтымды пайдаланудың тиімді технологияларын әзірлеу жөніндегі ұсыным әзірленіп, басып шығарылады.
Жас кадрлар, соның ішінде 2 PhD докторант және 3 магистрант тартылатын болады.
Web of Science базасының Science Citation Index Expanded индекстелетін немесе СiteScore бойынша Scopus базасындағы процентилі 35 (отыз бестен) кем емес рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 2 (екі) мақала және ҒЖБССҚК ұсынатын отандық және шетелдік басылымдарда кемінде 10 (он) мақала жарияланатын болады.
1.4) Қазақстан Республикасында пайдалы модель патенттеріне өтінімдер берілетін болады.
1.3) Бағдарламаның алынған нәтижелері бойынша “Қазақстанның жайылымдарының өнімді әлеуетін арттырудың және ұтымды пайдаланудың тиімді технологиялары” монографиясы басылып шығады.
1.4)Бағдарлама нәтижелері Енгізу актісімен (“Ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізу актісінің нысаны мен оны келісу қағидаларын бекіту туралы” Инвестициялар және даму Министрінің 2018ж. 14 қарашадағы №791 бұйрығына сәйкес) растай отырып, өндіріске енгізілетін болады.
1.5) Бағдарламаны іске асыру кезінде алынған білім мен нәтижелерді әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қоғамдастығы және қалың жұртшылық арасында тарату іс-шаралары өткізіледі («Дала күні», «дөңгелек үстел» семинарларын өткізу, Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар материалдарында мақалалар жариялау).
1. Ongayev M., Denizbayev S., Umbetkaliyev N., Yesmagulova B., Shadyarov T., Ozhanov G. The Zonality of Underground Water Supply Sources for Pastures in the West Kazakhstan Region // Journal of Ecological Engineering. – 2022. – No.23(8). – P.56–65.
https://doi.org/10.12911/22998993/150612 CiteScore бойынша процентиль -52 https://www.scopus.com/sourceid/21100246533 Scopus
2. Stybayev G., Zargar M., Serekpayev N., Zharlygassov Z., Baitelenova A., Nogaev A., Mukhanov N., Elsergani M., Abdiee A. Spring-Planted Cover Crop Impact on Weed Suppression, Productivity, and Feed Quality of Forage Crops in Northern Kazakhstan // Agronomy. – 2023. – No.13(5). – P.1278; https://doi.org/10.3390/agronomy13051278 CiteScore бойынша процентиль – 79. https://www.scopus.com/sourceid/21100447811#tabs=1 Scopus
3. Kabzhanova G.R., Sadenova M.A., Beisekenov N.A., Bissembayev A.T. Efficiency of Using Earth Remote Sensing Data for The Rational Use of Agricultural Land // Chemical Engineering Transactions. – 2022. – No.94. – P.1237-1242. https://doi.org/10.3303/CET2294206
CiteScore бойынша процентиль -28.
https://www.scopus.com/sourceid/19600161818?origin=recordpage#tabs=0 Scopus
4. Kenenbayev S., Yessenbayeva G., Zhanbyrbayev Y., Yelnazarkyzy R., Nurgaziev R., Seitkadyr K., Muzdybayeva K., Seilkhan A. Adaptation of Serbian winter pea (Pisum sativum) varieties in the foothills zone of southeast regions of Kazakhstan // Research on Crops. – 2022. – No.23(1). – P.149-155. DOI : 10.31830/2348-7542.2022.021
CiteScore бойынша процентиль – 41 https://www.scopus.com/sourceid/19900191751 Scopus
5. Nokusheva Zh.A., Kantarbayeva E.Ye., Ormanbetov M. B., Yermagambet B.T., Kassenova Z.M., Kazankapova M.K. Development and Implementation of Effective Schemes for the Use of Mineral Fertilizers in the Forest-Steppe Zone of the North Kazakhstan Region // OnLine Journal of Biological Sciences. – 2023. – No.23(3). – Р.313-322.
https://doi.org/10.3844/ojbsci.2023.313.322 CiteScore бойынша процентиль -41.
https://www.scopus.com/sourceid/6400153168 Scopus
6. Atakulov T., Kaldybayev S., Yerzhanova K., Zholamanov K., Smanov A., Seytzhan A. Evaluating the potential for multicropping in SE Kazakhstan: Double-cropping corn after winter triticale and winter oilseed rape // Eurasian Journal of Soil Science. – 2023. – No.12(1). – P.79-84. http://ejss.fesss.org/10.18393/ejss.1187439
CiteScore бойынша процентиль 48 https://www.scopus.com/sourceid/21100903770#tabs=1 Scopus
7. Shayakhmetova А., Savenkova I., Nasiyev В., Akhmetov М., Useinov А., Taskulova А., Temirbulatova А. Agrotechnology for feed cultivation and creation of hayfields and pastures in the forest and steppe zone of Northern Kazakhstan // SABRAO Journal of Breeding and Genetics. – 2023. – No.55(4). – Р.1245-1258. https://sabraojournal.org/agrotechnology-feed-cultivation-creation-hayfields-pastures-forest-steppe-zone-northern-kazakhstan CiteScore бойынша процентиль 43. https://www.scopus.com/sourceid/19800188010 Scopus
8. Karynbayev A., Nasiyev B., Zharylkasyn K., Zhumadillayev N., Zhumadillayev N. Development of a Methodology for Determining the Nutritional Value of Pasture Feed Considering the Fractions of Easily Digestible Carbohydrates in the Desert Zone of Southern Kazakhstan // OnLine Journal of Biological Sciences. – 2023. – No.23(4). – Р.458.469 https://thescipub.com/abstract/ojbsci.2023.458.469 CiteScore бойынша процентиль 41 https://www.scopus.com/sourceid/6400153168 Scopus
9. Mukhambetov B., Nasiyev B., Abdinov R., Kadasheva Zh., Mamyrova l. Influence of soil and climatic conditions on the chemical composition and nutritional value of Kochia prostrata feed in the arid zone of Western Kazakhstan // Caspian Journal of Environmental Sciences (CJES). – 2023. – No.21(4). – P.853-863. https://cjes.guilan.ac.ir/article_7134.html CiteScore бойынша процентиль 44https://www.scopus.com/sourceid/21100913647 Scopus
10. Ongayev M., Denizbayev S., Ozhanov G., Yesmagulova B., Umbetkaliyev N., Shadyarov T. Analysis of hydrochemical parameters of surface water sources used for watering pastures to improve the water quality // Caspian Journal of Environmental Sciences (CJES). – 2023. – No.21(4). – P.875-883. https://cjes.guilan.ac.ir/article_7145.html СiteScore бойынша процентиль 44 https://www.scopus.com/sourceid/21100913647 Scopus
11. Nurgaziev R.E., Kushen B.M., Shegenov S.T., Belgibayeva A.S. Methods of radical and superficial improvement of degraded hayfields and pastures in the steppe zone of Northern Kazakhstan // Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің жаршысы – 2022. – №2 (61). – 61-68 беттер. ҒЖБССҚК
12. Т.А. Булеков М.О.Күзембаев, Ж.Г.Бекеев, К.Т.Өтегенов. Батыс Қазақстанның шөлейтті дала аймағындағы жайылымдарды одан әрі жақсарту// Ғылым және білім – 2022. – №3 (68). – 98-105 беттер. ҒЖБССҚК
13. Б.Мұхамбетов,Р.Ш.Абдинов, Ж.К.Кадашева, Е.С.Кабиев. Каспий маңындағы тұзды жерлерде суармалы жайылымдар құру// Ғылым және білім. – 2022. – №3 (68). – 51-60 беттер. ҒЖБССҚК
14. А.К.Қарынбаев, Ж.Күзембайұлы. Күз мезгілінде әртүрлі жүйелерде құмды жайылымдарды пайдалану кезіндегі өнімділік және жемшөп құндылығы және оның қой малын азықтық заттармен қамтамасыз етуге әсері// Ғылым және білім. – 2022. – №3 (68). – 3-12. ҒЖБССҚК
15. Б.Н.Насиев, А.К.Бекқалиева, Н.Ж.Жаңаталапов, А.К.Бекқалиев. Жайылымды пайдалану тәсілдерін зерттеу// Ғылым және білім. – 2022. – №1(64). – 2-том, 66-шығ. – 118-125 беттер. ҒЖБССҚК
16.С.Қалдыбаев, К.Смайылов, К.Ержанова, А.Наушабаев, Н.Абдирахымов. Қазақстанның Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының шөлді және тау бөктеріндегі жартылай шөлді (тік) аймақтарда сортаң және батпақты жерлердің ақпараттық қорын әзірлеу// Ғылым және білім. – 2022. – №3-3 (68). – 21-33 беттер.
17. Б.Н.Насиев, Н.Ж.Жаңаталапов, А.К.Бекқалиев, М.Г.Хиясов, Д.В.Попов. Органикалық-минералды тыңайтқыштардың жайылымдық өсімдіктер мен топыраққа әсерін зерттеу// Ғылым және білім. – 2023. – №1-3(70) – 99-108 беттер. ҒЖБССҚК
18. З.Кәкежанова, А.Кукушева, Ж.Уахитов, А.Сарбасов, С.Асқаров. Павлодар облысының дала аймағындағы бидайықтың бүлінген егістерін жақсарту тәсілдерінің жайылымдардың биометриялық көрсеткіштері мен өнімділігіне әсері // Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің жаршысы. – 2023. -№1 (64). – 124-133 беттер. ҒЖБССҚК
19. А.С.Шаяхметова, И.В.Савенкова, М.Ж.Аширбеков, М.Б.Ахметов, А.М.Таскулова, А.К.Темірболатова, А.А.Усеинов. Солтүстік Қазақстанның орманды дала аймағында шабындықтар мен жайылымдар құру үшін өнімділігі жоғары азық жасақтау// Ғылым және білім. – 2023. – №1 (70) – 73-84 беттер.
20. Г.Қабжанова, А.Құрмашева, М.Алибаева, А.Бисембаев. ЖҚЗ деректері бойынша Павлодар облысының шөлейтті дала аймағындағы жайылым түрлерінің кеңістікте таралуын зерттеу// Ғылым және білім. – 2023. – №1 (70). – 63-73 беттер.
- 2025 жылы ғылыми зерттеулерге сатып алу жоспарланған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесі
- Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бәсекеге қабілетті баға ұсыныстарын сатып алуға өтінім
- Бәсекеге қабілетті баға ұсыныстарын бағалау нәтижелері туралы хаттама 05.03.2025 ж
- Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бәсекеге қабілетті баға ұсыныстарын сатып алуға өтінім (1)
- Бәсекеге қабілетті баға ұсыныстарын бағалау нәтижелері туралы хаттама 13.02.2025 ж
- 20.05.2025 жылғы br22883585 жобасы бойынша тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің нақтыланған тізбесі
- 04.09.2025 жылғы br22883585 жобасы бойынша 2025 жылы сатып алуға жоспарланатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің нақтыланған тізбесі
- 10.09.2025 ж. br22883585 жобасы бойынша 2025 жылы сатып алуға жоспарланатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің нақтыланған тізбесі
- br22883585 жобасы бойынша тауарлар жұмыстар мен қызметтердің нақтыланған тізбесі 01.12.2025
- Br22883585 жобасы бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тізбесі 05.01.2026 Б.Н. Насиев
- 05.01.2026 жылғы br22883585 жобасы бойынша тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізбесі Онаев М. К.