«Мал шаруашылығы өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасы

«Жалпы зоотехния» кафедрасы 1965 жылы құрылып, кафедра меңгерушілері болып а.-ш.ғ.к., доцент В.И.Горюнов (1965-1971), а.-ш.ғ.д., профессор В.А.Петровская (1969-1973), а.-ш.ғ.к., доцент Б.Д.Қоғабаев (1977-1978), б.ғ.к., доцент М.М.Нуралиев (1978-1979), а.-ш.ғ.к., доцент А.Н.Москаленко (1979-1989), в.ғ.к., доцент А.Ф.Кирпичев (1981-1983), а.-ш.ғ.к., доцент А.З.Зинуллин (1983-1984), а.-ш.ғ.к., доцент Г.К.Молдашев (1985-1990) қызмет атқарды.

«Дербес мал шаруашылығы» кафедрасы 1966 жылы құрылды. Бұл кафедраның алғашқы меңгерушісі болып а.-ш.ғ.к., доцент Ә.Ә.Қарасаев, ал 1983-1995 жылдары К.Г.Кудряков басқарды. Осы кафедрада әр түрлі жылдарда а.-ш.ғ.к., профессор Э.Т.Сатқанов (1966-1978), аға оқытушы Х.К.Қайырғалиев (1963-1978), а.-ш.ғ.д., профессор В.А.Петровская (1969-1973), б.ғ.к., доцент А.Р.Рүстенов (1972-1988), а.-ш.ғ.к., доцент Э.Б.Бекназаров (1970-1985), доцент Қ.Қ. Бозымов (1980-1988), а.ш.ғ.к., доцент Ж.Х.Машанов (1978-1986), а.-ш.ғ.к., доцент Б.И.Гераськин (1974-1977), аға оқытушы Т.Е.Петкеевич  (1977-1988), а.-ш.ғ.к., доцент Е.Г.Насамбаев (1982-1990), а.-ш.ғ.к., доцент А.Д.Дәрібаев (1973-1980), а.-ш.ғ.к., В.А.Житинский (1982-1984), а.-ш.ғ.к., доцент Н.К.Бекбулов (1976-1981), а.-ш.ғ.к., доцент С.М. Макбузов (1987-1991), а.-ш.ғ.к., доцент М.К.Қажимұратов (1989-2004), Б.Т.Төлебаевтар (1990-1996) жұмыс жасады. Кафедра қызметкерлері алғашқы күндерден-ақ оқу-әдістемелік көрнекілік құралдармен, жабдықтармен жасақтауға, жоғары кәсіби және әдістемелік деңгейде дәрістер оқып, материалдық базаны нығайтуға кәп кәңіл бәлді.

1965 жылы «Жалпы зоотехния» кафедрасының негізінде 1990 жылдың желтоқсанында «Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру» кафедрасы құрылды, ал дербес «Мал шаруашылығы» кафедрасы өз алдына бөлініп шығып, «Мал  шаруашылығы өнімдерін  өндіру технологиясы» кафедрасы болып аталды. Кафедра меңгерушісі болып а.-ш.ғ.к., доцент А.Д.Дәрібаев (1991-1995) тағайындалды. 1996 жылы оған академиялық профессор атағы берілді. Ол 1973-80 жылдары зоофактың деканы орынбасары міндетін атқарды. Кафедра қызметкерлері болып а.-ш.ғ.к., доценттер Л.А.Кисилева, Ж.Х.Машанов, (1991-1996), К.Г.Есенғалиев (1991-1996), а.-ш.ғ.к., аға оқытушы Б.Т.Иманғалиевалар істеді.

«Ауыл шаруашылығы малдарының генетикасы мен өсіру» кафедрасын 1991-1996 жылдар аралығында а.-ш.ғ.к., доцент Б.Д.Қоғабаев басқарды. Кафедра қызметкерлері болып а.-ш.ғ.к., доцент Г.К.Молдашев, Р.У.Бозымова, А.Т.Әбуов, а.-ш.ғ.к., аға оқытушы Е.С.Сағынов қызмет атқарды. «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасы факультеттегі жетекші кафедралардың бірі болып, студенттерді мал шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеуге оқытты. Кафедра меңгерушісі а.-ш.ғ.к., доцент Н.К.Бекбулов (1991-1995), мүшелері а.-ш.ғ.к., доценттер Т.Х.Хабиев, Е.Г.Насамбаев, Р.М.Рүстенов болды.

1995 жылы «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының меңгерушісі болып а.ш.ғ.к., доцент Насамбаев Е.Г. тағайындалды.

1999 жылы «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауартануы, стандарттау және сертификаттау» департаменті құрылды. Департамент басшысы болып а.ш.ғ.к., доцент Е.Г. Насамбаев тағайындалды. 2000 жылы «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасы болып қайта құрылды. Кафедра меңгерушілері а.ш.ғ.к., доцент Насамбаев Е.Г. (2000 – 2003 жж), а.ш.ғ.к., доцент Губашев Н.М. (2003 – 2004 жж) болды. 2004 жылы «Биотехнология және мал шаруашылығы» кафедрасы болып өзгертілді, кафедра меңгерушісі а.ш.ғ.к., доцент Н.М.Губашев тағайындалды.

2006 жылы «Аквакультура және су биоресурстары» кафедрасы ұйымдастырылды. Кафедра меңгерушісі болып а.ш.ғ.к., доцент Н.М.Губашев, ал «Биотехнология және мал шаруашылығы» кафедрасының меңгерушісі болып а.ш.ғ.к., доцент Насамбаев Е.Г.тағайындалды. 2007 жылы екі кафедрасының бірігуі арқылы «Биотехнология, мал және балық шаруашылығы» кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі болып а.ш.ғ.к., доцент Насамбаев Е.Г., кафедра меңгерушісінің орынбасары а.ш.ғ.к., доцент м.а Шукуров М.Ж. тағайындалды. Әр түрлі жылдар ішінде бұл кафедраны а.ш.ғ.к., доцент Есенғалиев Қ.Г. (2008-2010 жж; 2018-2019 жж); а.ш.ғ.к., доцент м.а. Ахметалиева А.Б. (2013 – 2018 жж) басқарды.

2019 жылы «Биотехнология, мал және балық шаруашылығы» кафедрасы «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» жоғары мектебі болып өзгертілді. Жоғары мектептің жетекшілері а.ш.ғ.д, доцент Есенғалиев Қ.Ғ. (2019 – 2020 ж.), а.ш.ғ.к., доцент м.а. Шукуров М.Ж., (2020 – 2021 жж), PhD, доцент м.а. Смагулдов Д.Б. (2021ж) болды. Осы жылының қыркүйек айында «Экология және биоресурстар» жоғары мектебі құрылып, екі деңгейдегі бағыт бакалавр және магистратураның «Экология», «Өндірістік экология», «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «Аквакультура және су биоресурстары» мамандықтары бойынша маман дайындады. Жоғары мектеп жетекшісінің міндетін атқарушы болып а.ш.ғ.к., доцент м.а. М.Ж.Шукуров тағайындалды. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында жоғары мектепті б.ғ.к., доцент Мурзашев Т.К., ал 2020 жылдың қыркүйегінен бастап а.ш.ғ.к., доцент м.а. Шукуров М.Ж жетекші болды.

2021 жылы «Мал шаруашлығы өнімдерін өндіру технологиясы» және «Экология және биоресурстар» жоғары мектептері қосылып «Мал шаруашылығы және биоресурстар» жаңа жоғары мектеп құрылды. Жетекшісі болып ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Шукуров Марклен Жексенович тағайындалды.

2024 жылы «Мал шаруашлығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасы ұйымдастырылды.

«Мал шаруашлығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасы бакалавр, магистратура 6В08200/7М08200/(PhD) 8D08200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандықтары бойынша мамандар дайындайды.

Қазіргі таңда «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» БББ педагогикалық және ғылыми деңгейде профессор-оқытушыларымыз қызмет атқарады: а.ш.ғ.д., профессор Траисов Б.Б., а.ш.ғ.д., доцент Губашев Н.М., б.ғ.д, қауымдастырылған профессор Бейшова И.С., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары: Шәмшідін Ә.С., Ахметалиева А.Б., Касимова Г.В., Батыргалиев Е.А., PhD докторы: Нугманова А.Е., магистрлар: Кожахметова А.Н., Габдуллина А.Т., Дуимбаев Д.А., Досжанова А.О.

Оқу процесін ұйымдастыруда үлкен жұмысты көмекші персонал жүзеге асырады: аға зертханашы, магистр Ескайрова Н.Н., зертханашы Аспандиярова А.К.

ФШ ұжымымен ҚР БҒМ ЖСШ ШЖМ және МФ ғылыми жобалары іске асырылды, олардың нәтижелері бойынша ғылыми мақалалар, монографиялар жарияланды, өнертабысқа патенттер алынды және өндіріске енгізілді.

Жыл сайын жоғарыда аталған мамандықтардың студенттері Республикалық пәндік олимпиадаға және студенттік жұмыстардың ғылыми конкурсына қатысады.

БББ ғылыми-педагогикалық әлеуеті шешімдер қабылдауға дайын, бәсекеге қабілетті, отандық және шетелдік компаниялардың жұмыс берушілерінде жоғары сұранысқа ие, шығармашылық, тәрбиелі, білімді, жетілген маман дайындауға мүмкіндік береді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу