«Өсімдік шаруашылығы» білім беру тобы

1963 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының жанында агроэкономикалық факультет құрылып, оны доцент Р.Х. Мясоутов басқарған болатын.

1966 жылдан бастап аграрлық мамандықтардың көбеюіне байланысты агрономия факультеті құрылды. Факультеттің қалыптасуы мен дамуына Ресейдің Саратов, Волгоград, Орынбордағы танымал жоғары оқу орындарын бітірген Бакалдин.В.Н. Слесарев, В.П. Согуренко, В.Ф. Рябошкапов, Н.В. Саввина, А.Я. Бакалдин сияқты декан-доценттер көп еңбек сіңірді. 

Жаңа мамандықтар ашылып, студенттер санының өсуіне байланысты агрономия факультетінің аты 2000 жылы «Агробизнес және экология» факультеті болып өзгерді, ал 2019 жылдан бастап факультет агротехнология институтына айналды.

Әр жылдары факультетті Х.Х. Құсайынов, В.В. Вьюрков, С.С. Джубатырова, М.А.Габдулов, С.Ж. Рахимгалиева, Д.К. Төлегенова, А.С.Тілепов және М.Қ.Оңаев басқарды.

2024 жылдан бастап агрономия факультетінің дәстүрлерін «Агрономия» (бакалавриат, магистратура, докторантура), «Топырақтану және агрохимия» (бакалавриат, магистратура, докторантура), «Өсімдіктерді қорғау және карантин» (бакалавриат, магистратура) білім беру бағдарламаларынан тұратын «Өсімдік шаруашылығы» білім беру бағдарламасы тобының (ББТ) оқытушылары мен профессорлары жалғастыруда.

ББТ құрамында 13 профессор-оқытушы жұмыс істейді: а.ш.ғ. докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Б.Н. Насиев, а.ш.ғ. кандидаттары, доценттер С.Ж. Рахимгалиева, Д.К. Төлегенова, а.ш.ғ. кандидаттары М.К. Мусина, Г.К. Нұрғалиева, PhD Л.Т.Қалиева, А.К. Кушенбекова, Е.Е. Аюпов, А.Г. Нагиева, Н.Ж. Жаңаталапов, А.Т. Орынбаев, магистрлер М.К. Қуаналиева, А.К. Бекқалиева, көмекші персонал қатарынан 3 жұмыскер: аға зертханашылар Г.Н. Мақанова, Г.К. Кабиева, зертханашы Г.М. Үмбетова.

         Профессор-оқытушылардың жоғары ғылыми-педагогикалық біліктілігі ББТ үшін дәстүр болып табылады. Олар біртіндеп және мақсаттарға лайықты түрде тәлімгерлерінің істерін жалғастырып, аграрлық сектор үшін біліктілігі жоғары мамандарды даярлаудың және оқу процесіне жаңа заманауи парадигмалар мен білім беру жүйелерін енгізу жөніндегі жаңа міндеттерді шешуде.

Оқытушылар
📚 Loading…