Негізгі ақпарат
Жоба / бағдарлама тақырыбының атауы: Бизнес-процестердің тұтынушылардың өзгермелі талаптарына және әлемдік (жаһандық) экономикалық коньюнктураға бейімделуін ескере отырып, агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың цифрлық трансформация модельдер кешенін әзірлеу
Өтінім берілген ғылымды дамытудың басым бағытының атауы: Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту
Зерттеудің мамандандырылған ғылыми бағытының атауы: АӨК жүйесіндегі Биоинформатика және цифрландыру
Жобаның/бағдарламаның ғылыми жетекшісі: Э. А. Рустенова, э. ғ. к., доцент
Іске асыру кезеңі, оның ұзақтығы айларда. 09.09.2024 – 31.12.0026 жж., ұзақтығы 28 ай.
Қаржыландырудың жалпы көлемі және жылдар бойынша: 79 141 093,25 мың тг,
2024 жыл – 29 635 590,25 мың тг;
2025 жыл – 26 017 027 мың тг;
2026 жыл – 23 488 476 мың тг.
Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау нысандары: Қазақстанның агроөнеркәсіптік кәсіпорындарын цифрлық трансформациялау
Жобаның / бағдарламаның мақсаты: Тұтынушылардың, реттеушілердің және экономикалық конъюктура талаптарына бейімделген басқару шешімдерін қабылдау негізінде Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кәсіпорынды цифрлық трансформациялау үдерісінің теориялық және әдістемелік негіздемесін әзірлеу.
1. Жаңа ақпаратты меңгеру және өңдеу мүмкіндігі бар агроөнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінің өзгермелі жағдайларына бейімдеуге байланысты басқарушылық шешімдер негізінде Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың цифрлық трансформациясының әлеуетін бағалау және ықтимал бағыттарын тұжырымдау.
2. Цифрлық технологиялар мен инновацияларды пайдалана отырып, агроөнеркәсіптік кәсіпорындарда және оның агроөнеркәсіптік кластердегі серіктестерінде цифрлық трансформация бойынша ағымдағы және негізгі бизнес-процестерді және сәйкес басқару шешімдерін анықтауды талдау.
3. Ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялау саласындағы озық тәжірибе мен әлемдік тәжірибені зерттелген ғылыми көзқарастар негізінде агроөнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау процесін басқару стандарттары мен рәсімдерін әзірлеу.
4. Ауыл шаруашылығы кластері кәсіпорындарының әрбір технологиялық тобына (өндірістік, логистикалық, әкімшілік және т.б.) Т.Сааты әдістемесі бойынша желілерді талдау әдісіне негізделген цифрлық трансформация модельдерін әзірлеу.
5. «КТК-888» ЖШС базасында ауыл шаруашылығы кәсіпорнының басқару шешімдерін қабылдауының жаңа моделін пилоттық енгізу арқылы цифрлық трансформацияның жалпыланған моделін әзірлеу және оны ауыл шаруашылығы кәсіпорнында тестілеу.
6. Агроөнеркәсіптік кәсіпорындарда цифрлық трансформацияға ұсынылған тәсілді енгізуден экономикалық тиімділікті және мемлекеттік субсидиялар көлемін негіздеу.
Енгізу дәрежесі:
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру нәтижесінде мал шаруашылығы саласындағы агроөнеркәсіптік кәсіпорын мысалында агроөнеркәсіптік кешеннің цифрлық трансформациясын жүйелі және кешенді талдауды білдіретін құнды ғылыми нәтижелер алынады деп күтілуде.
1. Ағымдағы жағдайды талдауды, әлеуетті мүмкіндіктер мен кедергілерді анықтауды, сондай-ақ цифрландырудың стратегиялық бағыттарын әзірлеуді қамтитын Қазақстанның агроөнеркәсіптік кәсіпорындары үшін цифрлық трансформация әлеуетін кешенді бағалау әзірленетін болады.
2. Цифрлық трансформацияға қажетті негізгі бизнес-процестердің және басқару шешімдерінің егжей-тегжейлі талдауы орындалады. Цифрлық технологиялар мен инновацияларды енгізудің негізгі бағыттары белгіленеді.
3. Цифрлық технологияларды енгізу және бейімдеу бойынша ұсыныстарды қоса алғанда, ғылыми көзқарастарды және әлемдік озық тәжірибелерді зерттеуге негізделген цифрлық трансформация процесін басқару үшін стандарттар мен рәсімдер әзірленетін болады.
4. Т. Саати әдіснамасы бойынша желілерді талдау әдісін пайдалана отырып, агрокластер кәсіпорындарының әрбір процестік тобы үшін цифрлық трансформация модельдері құрылатын болады. Модельдер өндірістік, логистикалық және әкімшілік процестерді қамтиды.
5. Цифрлық трансформацияның жалпылама моделі әзірленеді және «КТК-888» ЖШС базасында сәтті сынақтан өткізіледі. Модель цифрлық технологияларға бейімделген басқарушылық шешімдер қабылдаудың жаңа жүйесін қамтиды.
6. Экономикалық тиімділіктің негіздемесі дайындалады және мал шаруашылығының цифрлық трансформацияны ынталандыру үшін мемлекеттік субсидиялау мөлшері бойынша ұсыныстар беріледі.
7. Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Web of Science базасы индекстелінетін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентильден төмен емес пайыздық көрсеткіші бар рецензияланған ғылыми басылымда екі ғылыми мақала немесе шолу дайындалады және жарияланады.. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған отандық басылымдарда 5 мақала жарияланады.
8. Зерттеу нәтижелері бойынша орыс тілінде монография дайындау жоспарлануда.
9. Зерттеу нәтижелері халықаралық конференциялар мен ғылыми-әдістемелік семинарларға қатысу арқылы әлеуетті пайдаланушылар, ғылыми қоғамдастық және қалың жұртшылық арасында таратылатын болады. Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұсынымдар әзірлену күтілуде.
10. Күтілетін ғылыми және әлеуметтік-экономикалық нәтиже. Қазіргі уақытта цифрлық трансформация мәселелерінің заманауи жағдайында агроөнеркәсіптік сектордың бизнес-модельдерін қалыптастыру мәселелерін толыққанды кешенді зерттеуге арналған жұмыстар іс жүзінде жоқ екенін мойындауымыз керек. Жоспарланған барлық ғылыми нәтижелер жаңа, бұрын жүргізілген зерттеулердің елеусіз түрлендірулеріне жатпайды, негізгі әлемдік тенденцияларға сәйкес келеді және маңызды ғылыми және әлеуметтік-экономикалық мәнге ие болады. Оларды агроөнеркәсіптік сектордың тұрақты даму, цифрландыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, агроөнеркәсіптік компанияларды дамыту жобаларын әзірлеуде пайдалануға болады.
11. Алынған ғылыми нәтижелердің қолданылуы және/немесе коммерциялануы. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін (АӨК) дамыту
- 2025 жылы ғылыми зерттеулерге сатып алу жоспарланған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесі
- 02.06.2025 ж. АР23489500 сатып алуға жоспарланатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің нақтыланған тізбесі
- 22.09.2025 ж. АР23489500 жобасы бойынша тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің нақтыланған тізбесі
- 05.01.2026 ж. АР23489500 жобасы бойынша тауарлар,жұмыстар және қызметтер тізбесі