Жоба / бағдарлама тақырыбының атауы:
AP22782840 «Мұғалжар тұқымды жылқыларды SNP генотиптеу арқылы өнімділік қасиеттеріне байланысты геномдық маркерлерді іздеу және талдау».

Негізгі ақпарат

Жоба / бағдарлама тақырыбының атауы: AP22782840 «Мұғалжар тұқымды жылқыларды SNP генотиптеу арқылы өнімділік қасиеттеріне байланысты геномдық маркерлерді іздеу және талдау»

Өтінім берілген ғылымды дамытудың басым бағытының атауы: Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту

Зерттеудің мамандандырылған ғылыми бағытының атауы: Агроөнеркәсіптік кешендегі биоинформатика және цифрландыру

Жобаның/бағдарламаның ғылыми жетекшісі: Ковальчук А.М., PhD

Іске асыру кезеңі, оның ұзақтығы айларда. 01.06.2024-31.12.2026 жж., ұзақтығы 31 ай

Қаржыландырудың жалпы көлемі және жылдар бойынша: 89 961,9 мың тг,

2024 жыл – 29 986,9 мың тг;

2025 жыл – 29 994,7 мың тг;

2026 жыл – 29 980,3 мың тг.

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау нысандары: мұғалжар тұқымды жылқыларды

Жобаның / бағдарламаның мақсаты: мұғалжар тұқымы жылқыларының өнімділік қасиеттерімен қауымдастырылған геномдық маркерлерді SNP-генотиптеу технологиясын пайдалану арқылы анықтау

Жобаның / бағдарламаның міндеттері

1. Қазақстанның әртүрлі облыстарындағы мұғалжар тұқымы жылқыларының генетикалық әртүрлілігін жоғары тығыздықты генотиптеуді пайдалану арқылы зерттеу:

1.1 Тұқым ішіндегі генетикалық әртүрлілік дәрежесін анықтау

2. Геномның учаскелерінде мұғалжар тұқымы жылқыларының экономикалық маңызды белгілермен байланысты полиморфизмдерді анықтау

2.1 Нақты SNP мен мұғалжар тұқымы жылқыларының өнімділік қасиеттері арасындағы қауымдастықты анықтау

2.2 Өнімділік қасиеттерімен байланысты SNP маркерлері бар геномдық аймақтарды анықтау

2.3 Анықталған геномдық маркерлермен байланысты биологиялық үдерістер мен гендерді атқарымдық талдау

3. Мұғалжар тұқымы жылқыларының өнімділік қасиеттерімен байланысты генетикалық маркерлерді анықтау және пайдалану үшін ұсыну

3.1 Мұғалжар тұқымы жылқыларының өнімділік қасиеттерімен қауымдастырылған генетикалық маркерлер құрамында бар олигонуклеотидтердің бірізділігін іріктеу

3.2 Мұғалжар тұқымының жылқыларын селекциялау және жақсарту үшін генетикалық маркерлерді пайдалану бойынша ұсынымдар құрастыру

Алынған нәтижелер мен жаңалығы

Ғылыми жоба мұғалжар тұқымы жылқылардың өнімділік қасиеттерімен байланысты геномдық маркерлерді SNP-генотиптеу технологиясын пайдалану арқылы анықтауға арналған. Қатал дала жағдайларына төзімділігімен танымал мұғалжар тұқымының жылқылары ерекше өнімділік сипаттамаларынның арқасында қызығушылық тудыруда.

Жобаға генетика, зоотехника және биоинформатика салаларындағы білімді біріктіретін пәнаралық зерттеулер кіреді. Тығыздығы жоғары генотиптеуді пайдалану арқылы жобаны жүзеге асыру кезінде маңызды экономикалық белгілермен қауымдастырылған геном учаскелердегі полиморфизмдерді анықтау, тұқымның генетикалық әртүрлілігін зерттеу және өнімділік қасиеттерімен байланысты геномдық маркерлерді анықтау сияқты тапсырмаларды орындау қөзделіп тұр.

Жұмыс барысында SNP мен өнімділік сипаттамалары арасындағы қауымдастық талданады, сондай-ақ генетикалық маркерлерді анықтаумен байланысты гендер мен биологиялық үдерістер атқарымдық талданады. Жоба аяқталған кезде мұғалжар тұқымының жылқыларын жақсарту және селекциялау кезінде пайдалану үшін генетикалық маркерлер пайдаланылады

Күтілетін нәтижелер

1. Қазақстанның әртүрлі облыстарындағы мұғалжар тұқымы жылқыларының генетикалық әртүрлілігі жоғары тығыздықты генотиптеуді пайдалану арқылы зерттелетін болады;

2. Мұғалжар тұқымы жылқыларының экономикалық маңызды белгілермен байланысты полиморфизмдер анықталатын болады;

3. Мұғалжар тұқымы жылқыларының өнімділік қасиеттерімен байланысты генетикалық маркерлер анықталады және пайдалану үшін ұсынылатын болады.

Жоба аясында жарияланған жұмыстардың тізімі
📚 Loading…