Жәңгір хан университетінде «Таза сессия» акциясы өткізілді.
«Jas Otan» ЖҚ БҚО филиалы ұйымдастырған акцияның мақсаты – жоғары оқу орындарындағы жемқорлық фактілерін анықтап, онымен күресу, жемқорлықтың алдын алу. Сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы күрес мәселесінде еліміздің жастары мен жастар ұйымдарын біріктіру, қоғамға жат бұл әрекеттің алдын алу жұмыстарын күшейту.
Акция аясындағы сауалнамаға БҚАТУ-дан 300 білім алушы қатысты.