«Атқыштар» бөлімшесінің командирі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери бөлімшелерінде сержанттық лауазымдарды атқаруға арналған.
Біліктілік талаптар
Запастағы сержант:
жоғары деңгейдегі тактикалық, тактикалық-арнайы, атыс және техникалық дайындыққа ие болуы;
базалық және салалық пәндер бойынша жеткілікті білімге ие болуы, осы білімін практикалық жұмыстарда қолдана білу дағдысына ие болуы;
бөлімшеде жоғары жауынгерлік және жұмылдырылған әзірлікті қолдауы, мықты әскери тәртіп пен жарғылық тәртіпті қолдауы қолдануы тиіс.
Зерделеу кезінде студент
Білуі керек:
қазіргі заманғы жалпыәскери ұрыстың негіздерін, ұрысты ұйымдастыруды және жүргізуді;
ҚР Қарулы Күштерінің құрылу тарихын, құрылымын, даму міндеттері мен перспективаларын, ҚР ҚК түрлерінің рөлі мен мақсатын;
қазіргі заманғы соғыстың сипатын, сол кезде қолданылатын қарулы күрес құралдарын, қазіргі жалпыәскери ұрыстың негіздері мен оның негізгі түрлерін;
ұрыстағы бөлімшелерді басқару тәсілдері мен құралдарын;
қару-жарақтың мақсаты, тактикалық-техникалық сипаттамалары және жалпы құрылысын, ЖҰМ қару-жарағының мақсаты мен жауынгерлік мүмкіндіктерін.
Істей алуы қажет:
бөлімшенің, взводтың ұрысын ұйымдастыруды және ұрыста бөлімшелерді басқаруды;
атыс даярлығы бойынша сабақтарда оқу құралдары мен техникалық оқыту құралдарын қолдануды;
оқ атуды және бағдарламада көрсетілген атыс жаттығуларын орындауды;
күндіз-түні ұрыстың әртүрлі түрлерінде взвод атысын басқаруды.
Әскери атағы
Запастағы кіші сержант
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51