Аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру

Оқу мерзімі
2 жыл
Тағайындалуы
«Аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру» мамандығы бойынша студенттерді әскери оқыту білім алушыларда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары қатарында қызмет өткеру үшін запастағы офицерге қажетті жоғары, әскери және моральдық қасиеттерді қалыптастыруға, олардың взвод командирі лауазымындағы функционалдық міндеттерін дұрыс және сенімді орындауына бағытталған.
Біліктілік талаптар
Запастағы офицер:
  • жоғары деңгейдегі тактикалық, тактикалық-арнайы, атыс және техникалық дайындыққа ие болуы;
  • базалық және салалық пәндер бойынша жеткілікті білімге ие болуы, осы білімін практикалық жұмыстарда қолдана білу дағдысына ие болуы;
  • бөлімшеде жоғары жауынгерлік және жұмылдырылған әзірлікті қолдауы, мықты әскери тәртіп пен жарғылық тәртіпті қолдауы, бағыныштыларды оқытуда және тәрбиелеуде әскери педагогика  қолдануы тиіс.
Зерделеу кезінде студент
Білуі керек
  • аумақтық әскерлердің әскери іс-қимылдарды жүргізу кезінде туындайтын қауіп-қатерлерден халықты және аймақтарды қорғау жөніндегі негізгі іс-шараларды, аумақтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау қағидаларын;
  • ТЖ жағдайында, сондай-ақ жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде басқару және хабарлау жүйесінің жұмыс істеу тәртібін;
  • аумақтық қорғаныстың азаматтық құралымдары мен халықты бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ іс-қимылдарға даярлауды ұйымдастыруды;
  • қару-жарақтың мақсаты, тактикалық-техникалық сипаттамалары және жалпы құрылысын, ЖҰМ қару-жарағының мақсаты мен жауынгерлік мүмкіндіктерін.
Істей алуы қажет:
  • аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын жоспарлауды және ұйымдастыруды;
  • бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ қаупі және туындауы кезінде халықты инженерлік, радиациялық және химиялық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуді;
  • теориялық және практикалық міндеттерді шешу үшін базалық ғылыми - техникалық білімді қолдана білуді.
Дағдыларды пысықтауы керек:
  • қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін аумақтық әскерлер бөлімшесінде жұмысты ұйымдастыруда;
  • объектілерде төтенше жағдайларды болдырмау және жою жөніндегі іс-шараларға талдау жүргізуде;
  • ЖҰМ-ды пайдалануда, техникалық қызмет көрсетуде, жөндеуді жүргізуде.
Әскери атағы
Запастағы лейтенант
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу