Журнал туралы ақпарат

 «Ғылым және білім» ғылыми – практикалық журналы –  Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университетінің мерзімді басылымы. Журналы тоқсан сайын шығарылады, мақалалары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді. Журнал ауылшаруашылық, ветеринариялық, биологиялық, техникалық, экономикалық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми мақалалар жариялайды.

Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт Министрлігінде– № 6132-Ж. от 15. 06. 2005 жылы тіркелген. – ISSN – 2305-9397 Халықаралық мерзімді баспасөз орталығы. Жинаққа жазылуды «Қазпошта» АҚ (индекс 76316) газет – журнал каталогтарынан алуға болады.

Құрылтайшысы және иесі – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті.

Журналдың функциялық мақсаты: ғылыми қауымдастықтың кең ауқымына, оның ішінде халықаралық деңгейде, ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы ақпарат алмасу, оқырмандарды әлемдегі озық тәжірибелермен таныстыру болып табылады.

Журналдың тақырыптық бағыты. Журнал ауылшаруашылық ветеринариялық, биологиялық, техникалық, экономикалық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми мақалалар жариялайды.

Журналдың шығарылымдық мерзімділігі. Жылына 4 рет, тоқсан сайын, тиражбен кемінде 500 дана шығарылады.

Loading…