Назад
Жоғары математика
Автор курса: Уразгалиева Акмарал Ниязовна
Количество кредитов: 15 апта
ТақырыбыЖоғары математика
Курс авторыУразгалиева Акмарал Ниязовна – аға оқытушы, магистр
Курс мақсатыЖалпы инженерлік пәндер мен арнайы пәндерді оқып білу үшін қажетті білім негіздерін, сондай-ақ кәсіби қызмет жүйесінің негізі болып табылатын математикалық зерттеу әдістерін игеру, жаңа технологияларды игеруде математикалық білімнің маңыздылығын көрсету, бакалавр мамандардың бойынан жүйелі логикалық ойлауды қалыптастыру болып табылады.
Күтілетін нәтиже• Жоғары математика негіздерін білу, математиканы дамыту логикасын меңгеру; • Жоғары математика әдістерін түсіну, тыңдаушылар әртүрлі салаларда қолданылатын заманауи әдістер мен технологиялар туралы білім алады; нақты процестерді зерттеудің әдіснамалық принциптерімен қарулану; • Математикалық құралдарды қолдану дағдылары  және де әртүрлі математикалық есептеулерді қолдану дағдылары қалыптасады; • Тыңдаушылар әртүрлі жағдайларда туындайтын техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерді талдауды және тиімді шешімдерді әзірлеуді үйренеді.
ФорматКурс 15 аптаға арналған, видеолекциялар мен тапсырмаларды қамтиды.
БағдарламаМодуль 1. Векторлық алгебра. Аналитикалық геометрия
Тақырып 1. 2-ші, 3-ші ретті анықтауыштар. Матрицалар. Сызықтық теңдеулер жүйесі
Тақырып 2. Векторлар
Тақырып 3. Жазықтықтағы аналитикалық геометрия. Жазықтықтағы түзу теңдеулері
Тақырып 4. Кеңістіктегі түзу және жазықтық
Тақырып 5. Кеңістіктегі жазықтықтардың  өзара орналасуы.  Түзу және жазықтықтың өзара орналасуы
Тақырып 6. Екінші ретті қисықтар
Модуль 2. Математикалық талдауға кіріспе Тақырып 1. Математикалық анализге кіріспе
Тақырып 2. Дифференциалдық есептеулер
Тақырып 3. Күрделі функцияның туындысы
Тақырып 4. Бір айнымалылы функцияны зерттеу
Тақырып 5.  Анықталмаған интеграл
Тақырып 6. Интегралдау әдістері
Модуль 3. Интегралдық есептеулер және бірнеше айнымалылар функциясы
Тақырып 1. Анықталған интеграл
Тақырып 2. Анықталған интеграл геометриялық мағынасы
Тақырып 3. Анықталған интегралдың қолданылуы
Тақырып 4. Екі және үш айнымалылы функция
Тақырып 5. Екі айнымалылы функцияның градиенті. Бағыты бойынша туынды
Тақырып 6. Екі айнымалылы функцияның экстремумы
Модуль 4. Дифференциалдық теңдеулер
Тақырып 1. 1-ші ретті дифференциалдық теңдеулер. Айнымалылары ажыратылған дифференциалдық теңдеулер
Тақырып 2. Бірінші ретті біртекті дифференциалдық теңдеулер
Тақырып 3. Бірінші ретті сызықтық дифференциалдық теңдеулер
Тақырып 4. Жоғарғы ретті дифференциалдық теңдеулер
Тақырып 5. Екінші ретті тұрақты коэффициентті біртекті дифференциалдық теңдеулер
Тақырып 6. Екінші ретті тұрақты  коэффициентті біртекті емес дифференциалдық теңдеулер
Модуль 5. Қатарлар
Тақырып 1. Сандық қатарлар
Тақырып 2. Қатарларды жинақтылыққа зерттеу белгілері
Тақырып 3. Ауыспалы таңбалы қатарлар
Тақырып 4. Функционалды қатарлар
Тақырып 5. Дәрежелік қатарлар
Тақырып 6. Жинақтылық радиусы мен интервалы