Тақырыбы | Жер ресурстарын басқару |
Курс авторы | Тасанова Жадыра Байжановна – аға оқытушы, магистр |
Курс мақсаты | Жер ресурстарын басқару курсын оқытудың мақсаты – білім алушыларға жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғау, мемлекеттік реттеу механизмдері, құқықтық және экономикалық аспектілер бойынша кешенді білім беру. Бұл курс білім алушыларға жер ресурстарын басқару саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастырып, оларды жер қатынастары саласындағы шешімдер қабылдау мен талдау жасауға дайындайды. |
Күтілетін нәтиже | Курс аяқталғаннан кейін студенттер төмендегі білім, дағды және құзыреттерді меңгереді: Жер ресурстарының мәнін және олардың рөлін түсіну – жер ресурстарының жіктелуі, олардың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік маңызын білу. Жер ресурстарын басқарудың құқықтық негіздерін меңгеру – Қазақстан Республикасының Жер кодексі, нормативтік-құқықтық актілер мен халықаралық тәжірибелерді зерттеу. Жер кадастры мен бағалау әдістерін білу – жерді есепке алу, тіркеу, бағалау әдістерін, жерге орналастыру және геоақпараттық жүйелердің (ГАЖ) рөлін түсіну. Экономикалық және экологиялық аспектілерді игеру – жер рентасы, жер нарығы, жер салығы және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану тәсілдерін үйрену. Мемлекеттік басқару жүйесін түсіну – жер ресурстарын басқару органдарының қызметін, олардың міндеттері мен функцияларын білу. ұл курсты сәтті аяқтаған студенттер жер ресурстарын басқару саласында аналитикалық, құқықтық және практикалық дағдыларға ие болып, мемлекеттік басқару, жер кадастры, ауыл шаруашылығы және экологиялық мониторинг салаларында кәсіби қызмет атқаруға дайын болады. |
Формат | Курс 15 аптаға арналған, видеолекциялар мен тапсырмаларды қамтиды. |
Бағдарлама | Тақырып 1. Кіріспе. Жер ресурстарын басқару объектісі, пәні және субъектісі Тақырып 2. Жер ресурстарын басқару міндеттері мен түрлері Тақырып 3. Жер ресурстарын басқару функциялары, әдістері мен қағидалары Тақырып 4. Қазақстан Республикасының жер қоры – басқару объектісі ретінде Тақырып 5.Жер ресурстарын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы Тақырып 6.Жер ресурстарын басқару органдарының функциялары Тақырып 7. Жер ресурстарын басқару саласындағы құқық көздерінің жіктелуі Тақырып 8.Мемлекеттік жер кадастры Тақырып 9. Жерге орналастыру қызметі Тақырып 10. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау Тақырып 11. Жер мониторингі Тақырып 12. Жер нарығының қалыптасуының негізгі ережелері Тақырып 13. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің кадастрлық бағасы Тақырып 14. Жер ресурстарын пайдалануды болжамдау Тақырып 15. Жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау |