Назад
Отындардың химмотологиясы және мұнай мен газды талдау
Автор курса: Ахметова Фируза Жантасқызы – PhD, доцент м.а.
Количество кредитов: 5
Пән Отындардың химмотологиясы және мұнай мен газды талдау
Курс авторыАхметова Фируза Жантасқызы – PhD, доцент м.а.
Курс мақсатыЖалпы түсініктерді қалыптастыру, мұнай құрамының теориялық негіздерін түсіну, көлікте қолданылатын отын өндірісі, отын сапасының көрсеткіштерін анықтау әдістемесін үйрету
Күтілетін нәтижеОқыту нәтижесінде білім алушылар мұнай мен газдың негізгі компоненттері туралы терең білім мен түсінік қалыптастырып, мұнай өңдеу және талдау процестерінің теориялық негіздерін меңгереді. Студенттер эксперименттік жұмыстарды орындау барысында ақпаратты жинау, өңдеу және түсіндіру дағдыларын игеріп, хроматография, спектроскопия және басқа да аналитикалық әдістерді қолдана алады. Сонымен қатар, отын сапасын анықтау мақсатында октан және цетан сандарын, сондай-ақ басқа да маңызды көрсеткіштерді талдау тәсілдерін меңгеріп, сапа стандарттары мен сертификаттау әдістерін біледі. Білім алушылар химиялық инженерия саласында өз бетінше білімін жетілдіруге қажетті оқу дағдыларын дамытып, алған білімдерін тәжірибеде қолдану арқылы мұнайды қайта өңдеу процестерін оңтайландыру жобаларына қатысу, ғылыми зерттеулер жүргізу және техникалық есептер жазу қабілеттерін қалыптастырады.
ФорматКурс 15 аптаға арналған, видеолекциялар мен тапсырмаларды қамтиды.
БағдарламаТақырып 1. Кіріспе. Химмотология. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар Тақырып 2. Жылуқозғалтқыштар және отындардың жіктелуі Тақырып 3. Бензин. Бензиннің қолдану шарттары мен сапасына қойылатын талаптар Тақырып 4. Автомобиль бензиндерінің маркасы, құрамы және қолдануы Тақырып 5. Бензиннің негізгі эксплутациялық қасиеттері Тақырып 6. Дизельді отын. Дизельді отындардың қолдану шарттары мен сапасына қойылатын талаптар Тақырып 7. Дизель отындарының маркасы, құрамы және қолдануы Тақырып 8. Дизель отындарының негізгі эксплутациялық қасиеттері Тақырып 9. Реактивті және сұйық ракета қозғалтқыштарына арналған отын. Негізгі эксплуатациялық қасиеттері Тақырып 10. Газ турбиналық отын. Газ турбиналық отындардың эксплуатациялық қасиеттері Тақырып 11. Қазандық қондырғылар отындарының пайдалану қасиеттері Тақырып 12. Балама отындар. Оксигенаттар Тақырып 13. Газ тәріздес отындар Тақырып 14. Биологиялық отындар Тақырып 15. Синтетикалық сұйық отындар. Сутегі