Курс авторы | Денизбаев Серик Едресович – аға оқытушы, магистр |
Курс мақсаты | Пәнді игерудің мақсаты бакалаврлардың аумақтарды орман мелиорациясы саласында орман қорғау, топырақ қорғау, жол бойындағы, жыралық екпелерін және т.б. құру кезінде орман қорғау функцияларын орындауға бағытталған мелиорациялық жұмыстардың әртүрлі түрлерін орындау кезінде қорғаныш орман екпелерін (ҚОЕ) қолдану арқылы дағдыларын қалыптастыру болып табылады. |
Күтілетін нәтиже | Орман тұқымы ісін жүргізу әдістерін, орман питомниктерінде отырғызу материалын өсіру тәсілдері мен технологиясын, орман дақылдарын, орман мелиорациялық екпелерді құру тәсілдерін, кәсіби міндеттерді шешу кезінде ормандарды күту, сақтау, қорғау, молықтыру әдістерін меңгеру қабілеті |
Формат | Курс 15 аптаға арналған, видеолекциялар мен тапсырмаларды қамтиды. |
Бағдарлама | Тема 1. Орман мелиорациясы пәні және міндеттері Тема 2. Орман мелиоративті алқа ағаштарының түрлері. Орман мелиоративтік екпе ағаштар Тема 3. Орман жолақтарының мелиоративті әсері. Қолайсыз табиғат құбылыстары және олардың сипаттамалары. Орман жолақтарының құрылымы (конструкциясы). Орман жолақтарының жел ағындарына әсері. Орман жолақтарының жер бетіне таяу орналасқан ауа қабаттарының температурасы мен ылғалдылығына әсері. Орман жолақтарының булануға әсері. Орман жолақтарының қардың жиналуына және бөлінуіне әсері. Орман жолақтарының ауылшаруашылық дақылдар өнімділігіне әсері. Тема 4. Егіс қорғайтын орман жолақтарын өсіру технологиясы. Орман жолақтарын орналастыру. Орман жолақтарын өсіру үшін топырақты дайындау. Орман жолақтарын санап түгендеу және толықтыру. Тема 5. Тұқымдастарды таңдауға қойылатын агроорманмелиоративтік талаптар. Тема 6. Орман жолақтарын отырғызу. Тема 7. Орман жолақтарын күтіп баптау. Тема 8. Суарылатын жерлерде танап қорғайтын алқа ағаштарын өсірудің ерекшеліктері. Тема 9. Топырақ эрозиясының әдеттегі және үдемелі түрлері. Топырақтың жел эрозиясы. Тема 10. Топырақтың су эрозиясы. Гидрографиялық жүйе және оның элементтері. Тема 11. Топырақ эрозиясымен күресудің заманауи әдістері. Тема 12. Жайылымды жерлердегі қорғаныш орман алқаптары. Тема 13. Көлік жолдарында қорғаныш орман өсіру. Тема 14. Бүлінген жерлердегі орман рекультивациясы. Тема 15. Құмдар, оларды бекіту, орман өсіру және игеру. Құмдар туралы жалпы түсінік. Жылжымалы құмдардың пайда болуы және оларда өсімдіктердің табиғи өсуі. Жылжымалы құмдарды бекіту. Құмдарда орман өсіру. |