Пән | Мұнай мен газды екіншілік өңдеу |
Курс авторы | Ермуханова Светлана Тасболатовна– аға оқытушы, магистр |
Курс мақсаты | Пән көмірсутек шикізатын өңдеудің термиялық процестерінің параметрлері мен технологиясын, гидрокаталитикалық, термокаталитикалық процестерінің теориялық негіздері туралы білім қалыптастыруды қамтамасыз етеді. |
Күтілетін нәтиже | Білімалушылар мұнай өңдеудің қайталама процестері бұл белгілі бір сипаттамалары бар мұнай өнімдерін, сондай-ақ мұнай-химия өндірісіне арналған шикізатты алу мақсатында кейбір фракциялардың құрамына кіретін көмірсутек молекулаларының химиялық түрленуін түсіндіре алады. Каталитикалық процестер: каталитикалық крекинг, гидрокрекинг, каталитикалық риформинг, гидрогенизациялық процестер және термиялық процестер: термиялық крекинг*, кокстеу, пиролиз, техникалық көміртекті (күйе) алу процесі.т.б. сияқты процестерге талдау жүргізу қабілеті және мұнай мен газды қайта өңдеудің қолданыстағы қайталама процестерін сыни тұрғыдан бағалау мүмкіндігі жоғарылайды. |
Формат | Курс 15 аптаға арналған, видеолекциялар мен тапсырмаларды қамтиды. |
Бағдарлама | Тақырып 1. Тақырып 1. Термолитикалық процестер технологиясы Тақырып 2 Висбрекинг Тақырып 3 Катализ және катализаторлар туралы жалпы мәліметтер Тақырып 4. Каталитикалық крекинг Тақырып 5. Каталитикалық риформинг Тақырып 6. Дистиллятты фракцияларды гидротазалау процестері Тақырып 7. Гидрокрекинг Тақырып 8. Отын фракцияларының гидрокрекинг технологиясы Тақырып 9. Вакуумдық газойль гидрокрекинг технологиясы Тақырып 10.Изобутанды алкендермен алкилдеу процестерінің теориялық және технологиялық негіздері Тақырып 11. Метанолды изобутиленмен каталитикалық этерификациялаудың теориялық және технологиялық негіздері Тақырып 12. Мұнай өңдеу зауыттардың қысқаша сипаттамасы және жіктелуі Тақырып 13. Мұнай өңдеуді тереңдетудің негізгі қағидаттары және отын профиліндегі МӨЗ-дің блок-схемасы Тақырып 14. Жоғары сапалы мотор отындарын өндірудің заманауи мәселелері Тақырып 15. Әлем мен Қазақстанның мұнай өңдеу өнеркәсібінің қазіргі жағдайы мен даму проблемалары |