Курс авторы | Джусупкалиева Роза Ибраимовна – аға оқытушы, магистр |
Курс мақсаты | Мұнай мен газ ұңғымаларының өнімдірің жинау, дайындау процесінің физикалық негіздерінің білімімен қамтамасыз ету; мұнай кәсіпшілігі жабдықтарында болып жатқан процестердің мәнін ашу. Курс ұңғыма өнімдірің жинау және дайындау процестері туралы ғылыми негіздерді, ұғымдарды және түсініктерді қалыптастырады. Қысқаша мазмұны: қойылатын талаптарға сәйкес өнімді жинау мен дайындауды қамтамасыз ететін технологиялар мен техникалық құралдарды оқуға бағытталған. |
Күтілетін нәтиже | Курс тындаушылар тауарлық шикізатты алу мақсатында мұнай мен газды жинау және дайындау, мұнай мен газды сепарациялау, мұнай эмульсияларын бұзу және сарқынды суларды тазарту саласында физика-математикалық, экономикалық тұжырымдарды, жылу техникасының, термодинамиканың және электротехниканың заңдары мен есептеу принциптерін пайдалана отырып, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды сақтай отырып, білімдерін көрсетеді |
Формат | Курс 15 аптаға арналған, видеолекциялар мен тапсырмаларды қамтиды. |
Бағдарлама | Тема 1. Ұңғыма өнімдерін жинау және дайындау жүйелеріне қойлатын талаптар Тема 2. Мұнай, газ және суды жинау мен дайындаудың жетілдірілген технологиялық жүйесі Тема 3. Газ гидраттары. Гидраттардың түзілу жағадайлары мен жойылу жағдайы. Тема 4. Ұңғыма өнімдерін есепке алу әдістері. Тема 5. Мұнайды тұрақтандыру. Тема 6. Мұнай эмульсиясы, олардың қасиеттері және топталуы. Мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру тәсілдері. Тема 7. Мұнайды дайындау қондырғылары. Тема 8. Мұнайды сақтау және мұнай резервуарлары. Кәсіпшілікте газды жинау жүйелері. Тема 9. Кәсіпшілікте газды жинау жүйелері. Тема 10. Газды сақтау және газгольдерлер. Тема 11. Ағынды суды дайындау қондырғысы. Тема 12. Тұщы суды дайындау қондырғылары. Тема 13. Абсорциялық қондырғыларда мұнай газын кептіру. Тема 14. Адсорциялық қондырғыларда мұнай газын кептіру. Тема 15. Сығымды сорапты станциялары. Газды жерастында сақтау. |