| Тақырыбы | Микробиология, вирусология және зертханалық іс |
| Курс авторы | Ищанова Айман Салимжановна – доцент м.а., PhD |
| Курс мақсаты | Ветеринария саласындағы болашақ мамандардың микробиология және вирусология бойынша теориялық білімін қалыптастыру және зертханалық диагностиканың негізгі әдістерін кәсіби деңгейде қолдана алатын құзыретті маман даярлау. |
| Күтілетін нәтиже | Курсты аяқтау нәтижесінде білім алушылар микробиология, вирусология және зертханалық іс саласының негізгі теориялық білімдерін меңгеріп, ветеринариялық маңызы бар микроорганизмдер мен вирустардың морфологиялық, физиологиялық және генетикалық ерекшеліктерін ажырата алады, жануарлардың жұқпалы ауруларының пайда болу және таралу заңдылықтарын түсінеді, бактериологиялық, вирусологиялық, серологиялық және молекулалық-генетикалық зерттеу әдістерін тәжірибеде қолдануды үйренеді, зертханалық диагностика жүргізу кезінде биоқауіпсіздік талаптарын сақтай отырып кәсіби жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады, алынған зерттеу нәтижелерін талдап ғылыми қорытынды жасай алады және ветеринариялық практикада инфекциялық ауруларды диагностикалау мен алдын алу бойынша кәсіби құзыреттіліктерін дамытады. |
| Формат | Курс 15 аптаға арналған, видеолекциялар мен тапсырмаларды қамтиды. |
| Бағдарлама | Тақырып 1. Кіріспе. Микробиология ғылымының тарихы және даму кезеңдері. Тақырып 2. Микроорганизмдер морфологиясы мен систематикасы Тақырып 3. Микроорганизмдер физиологиясы. Химиялық құрамы. Тақырып 4. Микроорганизмдер физиологиясы. Микроорганизмдердің тыныс алуы. Метаболизмі. Көбеюі және қоректенуі. Тақырып 5. Микроорганизмдер генетикасы Тақырып 6. Микроорганизмдерге сыртқы орта факторларының әсері. Тақырып 7. Микроорганизмдер экологиясы Тақырып 8. Инфекция туралы ғылым жобалау Тақырып 9. Иммунитет Тақырып 10. Патогенді кокктар Тақырып 11. Патогенді бациллалар Тақырып 12. Патогенді микобактериялар және микоплазмалар Тақырып 13. Патогенді риккетсиялар және хламидиялар Тақырып 14. Патогенді микотоксикоздар Тақырып 15. Ветеринариядағы биоқауіпсіздік. Инфекцияны балау әдістері. |