Назад
Бектасов Болат Өтепұлы
Автор курса: Бектасов Болат Өтепұлы
Количество кредитов: 15 апта
Тақырыбы     Тракторлар және автомобилдер
Курс авторыБектасов Болат Өтепұлы – аға оқытушы
Курс мақсатыСтуденттерге ауылшаруашылығы агроөнеркәсіп кешенінде пайдаланылатын тракторлардың, автомобилдердің және комбайндардың құрылымдық конструкцияларынан заманауи қолданыстағы механизмдер мен агрегаттардың құрылысын жаңа бағытта оқуды қамтамасыз ету дағдыларын дамыту. Курс тракторлардың және басқа да доңғалақты машиналардың құрылысын кең көлемде оқыту арқылы практикалық дағдыларды қалыптастыруды көздейді.
Күтілетін нәтижеСтуденттер ауылшаруашылығы саласында тракторларды және машиналарды тиімді пайдалану, олардың эксплуатациялық тиімділігін игеру және басқару дағдыларын меңгеріп, технологиялық процестерін цифрландыру мен оңтайландыру бойынша практикалық шешімдер қабылдай алатын деңгейге жетеді.
ФорматКурс 15 аптаға арналған, видеолекциялар мен тапсырмаларды қамтиды.
БағдарламаТақырып 1.  Кіріспе: Тракторлар мен доңғалақты машиналардың энергетикалық қондырғылары
Тақырып  2.  Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Төрттактілі қозғалтқыштардың жұмыс циклдары
Тақырып  3.  Қозғалтқыштардың механизмдері мен жүйелері          
Тақырып  4.  Кривошипті шатунды және газ тарату механизмдері   
Тақырып  5.  Мотордың қоректендіру, майлау, іске қосу және салқындату жүйелері   
Тақырып  6.  Тракторлар мен мобилдік энергетикалық құралдардың жіктелімі   
Тақырып  7.  Заманауи тракторлар мен автомобилдердің трансмиссиялары. Гидромеханикалық және гидрокөлемдік трансмиссиялар 
Тақырып  8.  Трансмиссия іліністіру муфтасы және олардың жіктелімі        
Тақырып  9.  Заманауи цифрландырылған тракторлардағы берілісті өзгерту қосу қорапшалары
Тақырып  10.  Трансмиссияның құрамындағы негізгі агрегаттар
Тақырып  11.  Тракторлар мен доңғалақты машиналардың қуат алу біліктері және механизмдері
Тақырып  12.  Трансмиссиядағы жетекші белдеме дифференциалы, соңғы беріліс механизмдері  
Тақырып  13.  Тракторлардың гидравликалық аспалы жүйелік механизмдері
Тақырып  14.  Тракторлар мен доңғалақты машиналардың басқару және тежеу жүйелері
Тақырып  15.  Тракторлар мен доңғалақты машиналардың жүріс жүйесі