| Тақырыбы | Азық-түлік өнімдерінің стандарттары мен техникалық реттеу |
| Курс авторы | Айтмуханова Зулфира Майдановна – аға оқытушы, магистр |
| Курс мақсаты | Білімалушыларға өнім сапасын жақсарту бойынша ұйымдастыру-техникалық шараларды жүзеге асыруды реттейтін ережелерді, стандарттау әдістерін, нормативтік құжаттарды, өнім сапасы стандарттарының талаптарын және өнімді сертификаттау рәсімдерін әзірлеу және қолдану бойынша оқытылатын қажетті құзыреттерді үйрету. |
| Күтілетін нәтиже | Азық-түлік өнімдерін стандарттау мен техникалық реттеудің теориялық негіздерін біледі; стандарттау жүйесінің мақсаты мен міндеттерін түсінеді; нормативтік-құқықтық құжаттардың түрлерін ажыратады. Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды меңгереді; ұлттық және халықаралық стандарттардың талаптарын қолданады; өнімнің сәйкестігін бағалау принциптерін түсінеді. Техникалық регламенттер мен стандарттарды тәжірибеде қолдана алады; азық-түлік өнімдеріне қатысты нормативтік құжаттарды талдайды; өнім сапасын бақылау кезінде стандарт талаптарын пайдаланады. Өнімді сертификаттау және сәйкестікті растау рәсімдерін жүргізу қағидаларын меңгереді; сертификаттау кезеңдерін сипаттайды; сәйкестікті бағалау нәтижелерін талдайды. Тамақ өнімдерінің таңбалануын, қапталуын және сақтау талаптарын бағалай алады; таңбалаудың нормативтік талаптарға сәйкестігін анықтайды; өнімнің қауіпсіздігі мен тұтынушылық қасиеттерін бағалайды. Техникалық құжаттамамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады; мемлекеттік стандарттарды (СТ РК), техникалық регламенттерді және басқа нормативтік құжаттарды қолданады; стандарттау саласындағы құжаттарды әзірлеуге қатыса алады. Кәсіби шешім қабылдау қабілетін дамытады; азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар береді; өндірістік және зертханалық бақылау нәтижелерін талдайды. Курсты меңгеру нәтижесінде білім алушы азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттау, сертификаттау және техникалық реттеу саласындағы кәсіби міндеттерді орындауға дайын болады. |
| Формат | Курс 15 аптаға арналған, видеолекциялар мен тапсырмаларды қамтиды. |
| Бағдарлама | Тақырып 1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесінің заңнамалық негізінің құрылымдық элементтері Тақырып 2. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы Тақырып 3. Стандарттау туралы жалпы сипаттама Тақырып 4. Стандарттардың категориялары мен түрлері Тақырып 5. Техникалық регламенттерді оқып меңгері Тақырып 6. Сертификаттауды дамытудың жағдайы және негізгі даму бағыттарын білу Тақырып 7. Қызметтерді сертификаттау жүргізу тәртібі Тақырып 8. Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі Тақырып 9. Сәйкестікті ерікті және міндетті сертификаттау Тақырып 10. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитордын міндеттері Тақырып 11. Сапа менеджменті жүйесін сертификаттау. СМЖ сертификаттау тәртібі Тақырып 12. Сертификаттаудың құқықтық негіздері Тақырып 13. Сәйкестікті растаудың нормативтік техникалық базасы мен құрылымы Тақырып 14. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. HACCP принциптері Тақырып 15. Шетелдік өнімдерді сертификаттау тәртібі |