Назад
Автомобильдерге қызмет көрсету аспаптары мен жабдықтары
Автор курса: Махашева Сымбат Салимовна
Количество кредитов: 15 апта
Курс авторыМахашева Сымбат Салимовна – оқытушы, магистр
Курс мақсатыАвтомобильдерге диагностика, техникалық қызмет көрсету және жөндеу өткізу мерзімде көп әртүрлі арнайы техникалық аспаптары, қондырғылары және жабдықтары керек болады. Пәнді оқудың мақсаты – осы жабдықтардың конструкциясы мен жұмыс принциптері оқыту.
Күтілетін нәтижеo          Білім алушылар автомобильдерге қызмет көрсетуге арналған негізгі аспаптар мен жабдықтардың түрлерін және олардың жұмыс принциптерін түсінеді. o          Автокөліктің конструкциясы, агрегаттары мен жүйелері туралы терең білім алады. o          Автомобильдерді тексеру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша практикалық дағдыларды меңгереді. o          Автокөлікке арналған жабдықтарды дұрыс пайдалану және күтіп ұстау дағдыларын игереді. o          Автомобильдердің жай-күйін бағалау және ақауларды анықтау үшін диагностикалық құралдарды тиімді қолдана алады. o          Автокөлік жүйелеріндегі ақауларды анықтау, талдау және шешу қабілетін дамытады.
ФорматКурс 15 аптаға арналған, видеолекциялар, глоссарий, анкета, студенттің өзіндік жұмысы мен тест тапсырмаларын қамтиды.
БағдарламаТақырып 1. Автокөліктерге арналған техникалық жабдықтар, құралдар және аспаптар туралы жалпы түсінік Тақырып 2. Жинастыру және жуу жұмыстарға арналған жабдықтар Тақырып 3. Стационарлы механикаландырылған және автоматтандырылған жеңіл автомобильдерді жуатын қондырғылар Тақырып 4. Қарайтын және көтеріп-тасымалдайтын жабдықтар Тақырып 5. Автомобильді тексеру және көтергіш-көлік жабдықтары Тақырып 6. Майлау және құю жұмыстарына арналған жабдықтар Тақырып 7. Трансмиссияны, басқару органын және жүріс бөлігін майлау Тақырып 8. Бөлшектеп-жинауға арналған жабдықтар, құрылғылар және саймандар Тақырып 9. Автомобильдің және оның агрегаттарының жай-күйін анықтайтын тәсілдер мен жабдықтар Тақырып 10. Қосиінді бұлғақты механизм және газ тарату механизмінің жай-күйін анықтау Тақырып 11. Цилиндрлі поршеньді топтың және газ тарату механизміндегі клапандардың жай-күйін анықтау Тақырып 12. Жұмыс істеген газдағы зиянды заттардың құрамы Тақырып 13. Қосиінді-бұлғакты және газ тарату межанизміне техникалық қызмет көрсету және жөндеу Тақырып 14. Қозғалтқыштың салқындату жүйесіне техникалық қызмет корсету және жөндеу Тақырып 15. Қозғалтқыштың майлау жүйесіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу