Назад
Ұйымдастырушылық мінез – құлық және бизнес этика
Автор курса: Жайтлеуова Асель Абзаловна
Количество кредитов: 5
ТақырыбыҰйымдастырушылық мінез – құлық және бизнес этика
Курс авторыЖайтлеуова Асель Абзаловна – аға оқытушы, магистр
Курс мақсатыҰйымдастырушылық мінез – құлық және бизнес этика курсының мақсаты — әртүрлі типтегі әлеуметтік ұйымдастырылған жүйедегі адам мінез-құлығының теориялық негіздерін, қоғамдағы адам мінез-құлығын және тұрмыстағы іс-қызметін ұйымдастыру мәнін, принциптерін, заңдылықтарын және тәсілдерін, басқару саласымен қатар, ұйымдық іс-қызметтің көптеген түрлері мен сыныптарын жүзеге асыру ерекшеліктерін оқып білу және меңгеру.
Күтілетін нәтижеБілім алушылар басқару мазмұнын терең түсініп, менеджменттің негізгі теориялары мен қағидаларын меңгереді. Олар ұйымды тиімді басқарудың кешенді жүйесін игеріп, басқарушылық шешім қабылдау, жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау дағдыларын қалыптастырады.
Нарықтық экономика жағдайында өндірісті басқарудың ерекшеліктерін, нарық конъюнктурасына бейімделу тетіктерін және өзгерістерге жедел әрекет ету жолдарын үйренеді. Сонымен қатар, көп жоспарлы басқарушылық міндеттерді шешу, стратегиялық ойлау және мақсатқа бағытталған іс-әрекетті жүзеге асыру қабілеттерін дамытады.
Курс барысында білім алушылар басқарудағы өзара байланыстарды, ұйым ішіндегі қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты, көшбасшылықтың рөлін, тұлғаның мінез-құлқын және топтық жұмыс ерекшеліктерін түсінеді. Олар ұйымдық мәдениетті қалыптастыру жолдарын, ұйымның сыртқы және халықаралық орта факторларымен өзара әрекеттесуін талдай алады.
ФорматКурс 15 аптаға арналған, видеолекциялар, презентация, оқулықтар, кері байланыс, форум, сауалнама мен тапсырмаларды қамтиды.
БағдарламаМодуль 1 Ұйымдағы мінез-құлықты басқару ерекшеліктері
Тақырып 1. Бизнес этика және мәдениет
Тақырып 2. Ұйымдастырушылық мінез-құлық негіздері
Тақырып 3. Ұйымдағы екі жақты қарым-қатынас процесі.
Тақырып 4. Ұйымдық ортадағы адам
Тақырып 5. Мінез-құлықтың ұйымдық екі жақтылығы, басқарылуы
Тақырып 6. Қызметкердің нарықтық бағытталуы
Тақырып 7. Мінез-құлықтың маркетингтік өз-өзін бақылауы
Модуль 2 Басшының лауазымдық мінез-құлығының коммуникативті кеңістігі
Тақырып 8. Прессингтік психологиялық жағдайлар
Тақырып 9. Ұйымдық мінез-құлықтың ресурстары
Тақырып 10. Басшының бақылаушы мінез-құлқы
Тақырып 11. Басшының лауазымдық өз-өзін анықтау
Тақырып 12. Қақтығыстық басқарушылық позициялар
Тақырып 13. Ұйымдағы инновациялық мінез-құлық
Тақырып 14. Басшының коммуникативті кеңістігі
Тақырып 15. Тақырып 8. Прессингтік
психологиялық жағдайлар
Тақырып 9. Ұйымдық мінез-құлықтың ресурстары
Тақырып 10. Басшының бақылаушы
мінез-құлқы
Тақырып 11. Басшының лауазымдық өз-өзін анықтау
Тақырып 12. Қақтығыстық
басқарушылық позициялар
Тақырып 13. Ұйымдағы инновациялық мінез-құлық
Тақырып 14. Басшының коммуникативті кеңістігі
Тақырып 15. Кәсіби мансапты басқару
Loading…