| Тақырыбы | Топырақ географиясы |
| Курс авторы | Куаналиева Мендигул Кайргалиевна – аға оқытушы, магистр |
| Курс мақсаты | Білім алушыларға пән бойынша теориялық және практикалық білім беріп, топырақ түзуші факторлар туралы ілімін оқу нәтижесінде топырақтардың кеңістікте заңдылықпен таралуын, олардың жіктелуін, диагностикалық көрсеткіштерін және құнарлығын жоғарлату принциптері мен жолдарын үйрету. |
| Күтілетін нәтиже | Топырақтың дамуы, құрылысы, құрамы, қасиеттері, құнарлылығы және тиімді пайдалануы туралы түсініктері бар. Білім алушыларға топырақтың қалыптасу процесін, топырақтың пайда болуы мен оның географиялық таралуын, топырақ типтерін жіктелуін, әртүрлі топырақ типінің агрономиялық практикадағы құрамын, режімін, құнарлығын,топырақ генезисін, жіктелуін, құрлықтың және Қазақстан Республикасының биоклиматтық белдеулерінің типтерінің негізгі белгілерін,топырақты сапалық бағалау тәсілдерін және принциптерін білу. |
| Формат | Курс 15 аптаға есептелген, ол бейне лекциялар мен тапсырмаларды қамтиды. |
| Бағдарлама | Тақырып 1. Қазақстандағы топырақ зерттеулеріне шолу және топырақ түзілу ерекшеліктері. Тақырып 2. Орманды дала және дала аймағы топырақтары . Тақырып 3. Құрғақ дала және шөлейтті дала аймағы топырақтары. Тақырып 4. Шөлді дала топырақтары. Тақырып 5.Интрозональды топырақтардың қасиеттері, құрамын анықтау. Тақырып 6. Таулы облыстар топырақтары. Тақырып 7. «Жер» туралы заң. Тақырып 8. Пойма және өзен анғарлары топырақтардың жіктелуін, қасиеттері, құрамын анықтау. Тақырып 9. ҚР жер ресурстары және оларды сапалық бағалау. Тақырып 10. Дүние жүзі топырақтарының морфологиялық кескінін, белгілерін және қабатттарын анықтау. Тақырып 11. Евразия топырақтарының морфотектік, химиялық және биологиялық қасиеттерімен танысу. Тақырып 12. Африка топырақтарының морфотектік, химиялық және биологиялық қасиеттерімен танысу. Тақырып 13. Оңтүстік Америка топырақтарының морфотектік, химиялық және биологиялық қасиеттерімен танысу Оңтүстік Америка топырақ жамылғысы сипаттамасы. Тақырып 14. Солтүстік Америка топырақтарының химиялық және биологиялық қасиеттерімен танысу. Тақырып 15. Австралия топырақтарының химиялық және биологиялық қасиеттерімен танысу. |