Back
Бизнес жоспарлау
Course author: Ахметжанова Назым Атабековна
Amount of credits: 5
Пән Бизнес жоспарлау
Курс авторыАхметжанова Назым Атабековна– аға оқытушы, магистр
Курс мақсатыБизнес жоспар курсының мақсаты —  білімалушыларға  немесе кәсіпкерлерге өз бизнесін жоспарлауға қажетті негізгі дағдылар мен білімдерді беру. Бұл курс бизнес жобасының барлық кезеңдерін қамтиды, яғни идеяның пайда болуынан бастап, оны іске асыру және мониторингтеу процесіне дейін. Бұл курс кәсіпкерлер мен  білімалушыларға  бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін қажетті маңызды ақпараттарды беріп, олардың бизнесін табысты жүргізуге көмектеседі.
Күтілетін нәтижеБілімалушылар немесе кәсіпкерлер бизнес жоспарын толыққанды және кәсіби түрде құруды үйренеді. Олар бизнес жоспардың барлық бөлімдерін түсініп, оны нақты мақсаттарға бағыттай алады. Қатысушылар нарықты, бәсекелестерді және тұтынушылардың қажеттіліктерін тиімді талдай біледі, сол арқылы бизнестің өзіне тән ерекшеліктерін анықтай алады. Қаржылық жоспарлау дағдыларын меңгеріп, кіріс-шығыс балансын жасауды, инвестициялар мен қаржыландыруды дұрыс есептеуді үйренеді. Бизнес жүргізудің заңдық аспектілерімен таныса отырып, қатысушылар кәсіпорынның тіркеу, салық салу және лицензиялау сияқты мәселелерін шешуде тәжірибе жинайды.Бизнеске қатысты түрлі қауіптер мен мүмкін болатын қиындықтарды анықтап, оларды басқаруға арналған стратегияларды меңгереді.Курс қатысушылары инновациялық идеяларды жүзеге асыру және ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар жасау үшін қажетті дағдыларды алады.Студенттер немесе кәсіпкерлер курста алған теориялық білімдерін нақты жобаларда қолдануға мүмкіндік алады, яғни іс жүзінде бизнес жоспарды жүзеге асыруға дайындайды.Осы нәтижелердің арқасында курс қатысушылары өздерінің бизнес идеяларын жүйелі түрде жоспарлап, іске асыра алатын болады.
ФорматКурс 15 аптаға арналған, видеолекциялар, презентация, оқулықтыар, кері байланыс, форум, сауалнама мен тапсырмаларды қамтиды.
БағдарламаМодуль 1. Бизнес-жоспарлаудың мәні Тақырып 1. Бизнес-жоспарлаудың мәні, мақсаттары мен міндеттері Тақырып 2. Бизнес-жоспардың мақсаты мен мазмұны Тақырып 3. Бизнес-жоспарлау процесін ұйымдастыру Модуль 2. Бизнес-жоспардың бөлімдері Тақырып 4. Кәсіпорынның, саланың сипаттамасы Тақырып 5. Тауарлардың (қызметтердің) түрлері және тауарлардың (қызметтердің) нарықтары. Тауарларды (қызметтерді) өткізу нарықтарындағы бәсеке Тақырып 6. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайы Тақырып 7. Маркетинг жоспары Тақырып 8. Өндірістік жоспар. Ұйымдастыру жоспары Модуль 3. Қаржылық қамтамасыз ету Тақырып 9. Инвестициялық және операциялық жоспарлар Тақырып 10. Қаржылық жоспар Тақырып 11. Бизнес-жоспарда қауіп-қатерді бағалау Модуль 4 Бизнес-жоспарды пайдалану бағыттары Тақырып 12. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау. Инновациялық бизнес- инкубаторлар Тақырып 13. Кәсіпкерлердің қызметін құқықтық қамтамасыз ету Тақырып 14. Бизнес-жоспарды жаңарту және ұсыну Тақырып 15. Бизнес-жоспар құру: білім тәжірибесінде қолдану
📚 Loading…