| Тақырыбы | Бизнес-логистика |
| Курс авторы | Нурсапина Канбиби Утешовна, PhD, доцент м.а., |
| Курс мақсаты | «Бизнес-логистика» пәнін оқытудың мақсаты – логистиканың қазіргі заманғы ғылыми бағыт ретіндегі негізгі жай-күйін, категориялары мен заңдылықтарын оқып-білу; кәсіпкерлік қызметтің заманауи экономикалық бағыты ретінде логистика көзқарасымен фирманың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған кешенді бағдарламаларды қалыптастырудың басты бағыттарын қарастыру; жеке фирмалар, компаниялар, кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстық әлеуетін логистикалық функционалдық басқарудың көмегімен дамыту, сондай-ақ түрлі өндірістер мен экономика салаларында бизнес-үдерістерді басқаруда логистикалық тәсілдемелерді қолдану дағдыларын қалыптастыру. |
| Күтілетін нәтиже | Курстың соңында тыңдаушы білу қажет: Білу: Логистикалық кәсіпорында болып жатқан экономикалық құбылыстар мен процестерді (тауар қозғалысы, қоймалау, тасымалдау, сатып алу және жабдықтау, дистрибуция, тапсырыстарды басқару, жеткізу тізбегін оңтайландыру); Түсіну- Логистиканың мәнін – бизнес қызметінде логистиканың ресурстарды тиімді бөлу, шығындарды азайту және нарыққа жылдам бейімделу құралы екенін; Логистикалық тізбектердің мәнін – жеткізушіден тұтынушыға дейінгі бүкіл қозғалыстың біртұтас жүйе ретіндегі маңызын, онда әрбір буынның тиімділігі жалпы нәтижеге әсер ететінін. В – білімі мен түсінігін қолдану: Бизнес-логистика саласында кәсіпорынды жоспарлау және басқару үдерістерінде іздестіру жүргізу мен тиімді шешімдер қабылдау үшін экономикалық есептеу әдістерін қолдана отырып, логикалық қорытындылар жасай білуі қажет. Бизнес-логистикада экономикалық құбылыстар мен процестерді жүйелеу, модельдеу, логистикалық жүйенің дамуына әртүрлі факторлардың әсерін анықтау; кәсіпорын логистикасының даму тенденцияларын анықтау және логистикалық жүйе ресурстарын тиімді пайдалану шараларын ұсыну. С – пікір қалыптастыру (құру). Пәнді меңгеру нәтижесінде кәсіпорынның алдында тұрған іскерлік мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын таңдау және атқарушылық және басқарушылық сипаттағы кәсіби мәселелердің оңтайлы шешімін табу үшін қажет шығармашылық ойлауды дамыту керек. D – коммуникативті дағдылар. |
| Формат | Курс 15 аптаға есептелген және бейне дәрістер мен практикалық тапсырмаларды қамтиды. |
| Бағдарлама | Тақырып 1,2. Бизнес-логистиканың негізгі түсінігі Тақырып 3. Логистикалық жүйелер Тақырып 4,5. Материалдық ағымдар және логистикалық операциялар Тақырып 6. Сатып алу логистикасы Тақырып 7. Өндірістік процестердің логистикасы Тақырып 8. Логистикадағы көліктік аспектілер Тақырып 9. Тарату логистикасы Тақырып 10. Цифрлық логистика Тақырып 11. Бизнес-логистикадағы қорларды басқару Тақырып 12,13. Қоймалау жүйе және өнімді қоймалық өңдеу Тақырып 14,15. Логисикалық сервис және Ғаламдық логистикалық жүйе |