Back
Экономикалық принциптер
Course author: Габдуалиева Раушан Смадиновна– профессор, экономика ғылымдарының докторы
Amount of credits: 15 апта
Пән Экономикалық принциптер
Курс авторыГабдуалиева Раушан Смадиновна– профессор, экономика ғылымдарының докторы
Курс мақсатыБұл курстың мақсаты — білім алушыларға макроэкономиканың негізгі ұғымдарын түсінікті әрі жүйелі түрде меңгерту, нарықтық экономикадағы негізгі құбылыстарды талдауға үйрету және мемлекеттік экономикалық саясаттың қоғам мен экономикаға әсерін түсіндіру.
Күтілетін нәтижеКурс аяқталғаннан кейін білім алушылар макроэкономиканың негізгі ұғымдарын, атап айтқанда нарық, экономикалық өсу, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық цикл, ақша нарығы, бюджет-салық саясаты, халықаралық сауда, төлем балансы және валюталық бағам түсініктерін жүйелі түрде түсіндіруге қабілетті болады. Білім алушылар ЖІӨ, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, баға индекстері, экспорт, импорт, бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз сияқты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнін түсініп, олардың экономикадағы рөлін сипаттайды. Нарықтың құлдырауы, инфляцияның өсуі, жұмыссыздықтың көбеюі және валюталық бағамның өзгеруі сияқты экономикалық құбылыстардың себептері мен салдарын талдайды. Курс нәтижесінде білім алушылар бюджет-салық саясаты, ақша-несие саясаты, әлеуметтік қолдау шаралары, сауда саясаты және валюталық реттеу құралдарының экономикаға ықпалын түсіндіріп, олардың тиімділігін бағалайды. Білім алушылар AD-AS, IS-LM және Кейнс моделі сияқты негізгі макроэкономикалық модельдерді қолдана отырып, экономикадағы тепе-теңдік жағдайын, жиынтық сұраныс пен ұсыныстың өзгерісін, сондай-ақ ақша және тауар нарықтарындағы өзара байланысты түсіндіреді. Практикалық тапсырмалар мен нақты өмірлік мысалдар негізінде білім алушылар инфляция, жұмыссыздық, бюджет тапшылығы, мемлекеттік қарыз, халықаралық сауда және төлем балансы мәселелеріне талдау жасау дағдыларын қалыптастырады. Білім алушылар мемлекеттің экономикалық шараларының артықшылықтары мен шектеулерін салыстырып, олардың қоғамға, бизнеске және жалпы экономикалық тұрақтылыққа әсерін бағамдайды.  
ФорматКурс 15 аптаға арналған, видеолекциялар, презентация, оқулықтар, кері байланыс, форум, сауалнама мен тапсырмаларды қамтиды.
БағдарламаМодуль 1. Қоғамдық және мемлекеттік сектордың жұмыс істеу қағидаттары Тақырып 1. Нарықтың “құлдырауы” және мемлекеттік реттеу қажеттілігі Тақырып 2. Экономикалық қызмет нәтижелерін ӛлшеу. Баға индекстері Тақырып 3. Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдар Тақырып 4. Макроэкономикалық тұрақсыздық: жұмыссыздық және инфляция Тақырып 5. Жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік: AD-AS моделі Тақырып 6. Тауар нарығындағы Макроэкономикалық тепе-теңдік. Кейнстің кірістер мен шығыстар моделі Тақырып 7. Тауар және ақша нарықтарындағы Макроэкономикалық тепетеңдік. IS-LM моделі Модуль 2. Макроэкономикалық саясат қағидаттары Тақырып 8. Бюджет-салық саясаты Тақырып 9. Ақша нарығы: ақшаға сұраныс, ақша ұсынысы, ақша нарығындағы тепетеңдік Тақырып 10. Банк жүйесі. Несие-ақша саясаты Тақырып 11. Ұсынысты ынталандыру саясаты Тақырып 12. Экономикалық ӛсу. Макроэкономикалық саясат модельдерін таңдау Тақырып 13 Халықаралық сауда теориясы. Сауда саясаты Тақырып 14. Тӛлем балансы. Валюталық бағам Тақырып 15. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарызды басқару