| Тақырыбы | «Гербология» пәні туралы ақпарат |
| Курс авторы | Калиева Лайла Темирбековна – доцент м.а. |
| Курс мақсаты | «Гербология» пәні «Ветеринария және агротехнология» институтының «Өсімдік қорғау және карантин» БББ бойынша 3 курс білім алушыларына оқытылады. Білім алушыларына агрономиялық ойлауын және практикада творчествалық қабілеттілігін қолданып қалыттасуына және дамуына, «Гербология» курсының мақсаты – ауыл шаруашылығы егістіктеріндегі арамшөптермен күресудің экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді жүйесін қалыптастыру. Бұл пән болашақ мамандарға мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін арамшөптерді жоюдың тиімді әдістерін үйретедіауыл шаруашылығы егістіктеріндегі арамшөптермен күресудіңэкологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді жүйесін қалыптастыру. Бұл пән болашақ мамандарға мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін арамшөптерді жоюдың тиімді әдістерін үйретеді. Гербологияның негізгі міндеттері: 1. Арамшөптерді анықтау – егістік алқаптарындағы арамшөптердің түрлерін, биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін зерттеу. 2. Зияндылығын бағалау – арамшөптердің мәдени дақылдардың өніміне және топырақ құнарлылығына тигізетін теріс әсерін анықтау. 3. Күрес әдістерін меңгеру – агротехникалық, химиялық (гербицидтерді қолдану), биологиялық және карантиндік шараларды іс жүзінде қолдануды үйрену. |
| Күтілетін нәтиже | Гербология пәнін оқу нәтижесінде өсімдіктер әлемін жүйелеу, оларды зерттеу әдістерін меңгеру және ауыл шаруашылығындағы арамшөптермен күресу бойынша білім мен практикалық дағдылар толық қалыптасуы тиіс. |
| Формат | Курс 15 аптаға арналған, видеолекциялар мен тапсырмаларды қамтиды. |
| Бағдарлама | Тақырып 1. Арамшөптердің класификациясымен (жіктелуімен) танысу. Арамшөп өсімдіктерінің агробиологиялық топтары: көпжылдық және азжылдық арамшөптерді зерттеу. Тақырып 2. Арамшөптердің агробиологиялық топтары: паразиттік және жартылай паразитті арамшөптерді зерттеу. Өсімдіктердің дамуы мен өнуін егу және бақылау. Тақырып 3. Дәндер қоспасы құрамындағы арамшөп тұқымдарын анықтау және қиын ажыратылатын арамшөптер сипаттамасы. Тақырып 4. Топырақтың арамшөптермен ластану потенциалын (әлеуетін) анықтау. Тақырып 5. Егістіктердің арамшөптермен ластануын есепке алу және картаға түсіру әдістері. Арамшөптердің зияндылық шегін анықтау. Тақырып 6. Арамшөптерге қарсы агротехникалық шараларды жасау. Тақырып 7. Берілген арамшөптерге қарсы химиялық күрес шараларын жасақтау. Тақырып 8. Арамшөптермен күресудің биологиялық шаралары. Тақырып 9. Карантиндік арамшөптер мен карантиндік шаралар. Тақырып 10. Ауылшаруашылығы алқаптарының арамшөптермен ластануын есепке алу және картаға түсіру әдістері. Тақырып 11. Арамшөптермен күресу шаралары. Ұйымдастыру және сақтандыру шаралары. Тақырып 12. Вегетативті арамшөптерді жоюға бағытталған агротехникалық шаралар. Тақырып 13. Арамшөптермен күресудің химиялық шаралары. Тақырып 14. Арамшөптермен күресудің биологиялық және дәстүрлі емес шаралары. Тақырып 15. Арамшөптерді жою үшін қолданылатын биологиялық объектілерді зерттеу. |