Back
Мал шаруашылығын механикаландыру
Course author: Тулегенова Диамара Кабденовна
Amount of credits: 5
ТақырыбыМал шаруашылығын механикаландыру
Курс авторыТулегенова Диамара Кабденовна – доцент, а.ш.ғ.к.
Курс мақсатыКурс тыңдаушылары мен студенттерге мал шаруашылығы өндірісіндегі технологиялық процестерді механикаландырудың теориялық негіздері мен техникалық құралдарын меңгерту, мал шаруашылығы фермаларында қолданылатын машиналар мен жабдықтардың құрылымы, жұмыс істеу принциптері және пайдалану ерекшеліктері туралы кәсіби білім қалыптастыру. Сондай-ақ мал азығын дайындау және тарату, малды суару, сауу, көңді шығару, микроклиматты қамтамасыз ету жүйелерін тиімді пайдалану дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтижеКурс тыңдаушылары мен студенттер мал шаруашылығын механикаландырудың негізгі технологиялары мен техникалық құралдарын меңгереді, машиналар мен жабдықтардың жұмыс принциптерін түсіндіре алады, оларды тиімді пайдалануды және техникалық-экономикалық тұрғыдан бағалауды үйренеді, сондай-ақ өндірістік жағдайда механикаландырылған технологиялық процестерді ұйымдастыру және жетілдіру бойынша кәсіби құзыреттерді қалыптастырады.
ФорматКурс 15 аптаға арналған, видеолекциялар мен тапсырмаларды қамтиды.
БағдарламаТақырып 1. Кіріспе.  Мал фермалары мен кешендерінің өндірістік – технологиялық сипаттамасы Тақырып 2.  Мал фермаларындағы мобильді және стационарлы құрылғылар Тақырып  3.  Мал фермалары мен жайылымдарын сумен қамтамасыз етуді механикаландыру        Тақырып  4.  Фермаларды сумен жабдықтауды және жануарларды суаруды механикаландыру    Тақырып  5.  Пішен  дайындау технологиясы және машиналары          Тақырып  6.  Сүрлем мен пішендеме дайындаудың технологиясы, машиналары және жабдықтары Тақырып  7.  Жемшөп  даярлауды механикаландыру Тақырып  8.  Малға азықтық қоспалар даярлауды механикаландыру          Тақырып 9.   Мал азығын таратуды механикаландыру Тақырып 10.  Көңді  жинау, шығару, ұқсату және пайдалану технологиясы      Тақырып 11.  Қойларды қырқу және алғашқы өңдеуді механикаландыру Тақырып 12. Фермаларды жылумен жабдықтау жүйелері мен микроклиматты механикаландыру Тақырып  13.  Сауу машиналары мен қондырғылары Тақырып  14.  Сүтті алғашқы өңдеу және ұқсату технологиясының негіздері Тақырып  15.  Малдәрігерлік – санитарлық жұмыстарды механикаландыру