Back
Логистика
Course author: Нурсапина Канбиби Утешовна
Amount of credits: 5
ТақырыбыЛогистика
Курс авторыНурсапина Канбиби Утешовна, PhD, доцент м.а.,
Курс мақсатыКурсты оқыту мақсаты: логистиканың қазіргі заманғы ғылыми бағыт ретінде негізгі жай-күйі, категориялары мен заңдылықтарын оқып біліу, кәсіпкерлік қызметтің қазіргі заманғы экономикалық бағыты ретінде логистика көзқарасымен фирманың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кешенді бағдарламасын қалыптастырудың басты бағыттарын қарастыру, соның ішінде, жеке фирмалар, компаниялар, кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстық әлеуеттерін дамытуды логистикалық функционалдық басқарудың көмегімен түрлі өндірістер мен экономика аяларында бизнес-үдерістерді басқаруда логистикалық тәсілдемелерді қолдану.
Күтілетін нәтижеКурстың соңында тыңдаушы білу қажет: Білу: Логистикалық кәсіпорында болып жатқан экономикалық құбылыстар мен процестерді (тауар қозғалысы, қоймалау, тасымалдау, сатып алу және жабдықтау, дистрибуция, тапсырыстарды басқару, жеткізу тізбегін оңтайландыру); Түсіну- Логистиканың мәнін – бизнес қызметінде логистиканың ресурстарды тиімді бөлу, шығындарды азайту және нарыққа жылдам бейімделу құралы екенін; Логистикалық тізбектердің мәнін – жеткізушіден тұтынушыға дейінгі бүкіл қозғалыстың біртұтас жүйе ретіндегі маңызын, онда әрбір буынның тиімділігі жалпы нәтижеге әсер ететінін. В – білімі мен түсінігін қолдану: Логистика саласында кәсіпорынды жоспарлау және басқару үдерістерінде іздестіру жүргізу мен тиімді шешімдер қабылдау үшін экономикалық есептеу әдістерін қолдана отырып, логикалық қорытындылар жасай білуі қажет. Логистикада экономикалық құбылыстар мен процестерді жүйелеу, модельдеу, логистикалық жүйенің дамуына әртүрлі факторлардың әсерін анықтау; кәсіпорын логистикасының даму тенденцияларын анықтау және логистикалық жүйе ресурстарын тиімді пайдалану шараларын ұсыну. С – пікір қалыптастыру (құру). Пәнді меңгеру нәтижесінде кәсіпорынның алдында тұрған іскерлік мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын таңдау және атқарушылық және басқарушылық сипаттағы кәсіби мәселелердің оңтайлы шешімін табу үшін қажет шығармашылық ойлауды дамыту керек. D – коммуникативті дағдылар.
ФорматКурс 15 аптаға есептелген және бейне дәрістер мен практикалық тапсырмаларды қамтиды.
БағдарламаТақырып 1,2. Логистика мәні, концепциялары, функциялары Тақырып 3. Логистикалық жүйелер Тақырып 4,5. Материалдық ағымдар және логистикалық операциялар Тақырып 6. Сатып алу логистикасы Тақырып 7. Өндірістік логистика Тақырып 8.  Тарату логистикасы Тақырып 9.  Логистикадағы көліктік аспектілер Тақырып 10. Ақпараттық логистика Тақырып 11.  Логистикадағы қорларды басқару Тақырып 12,13. Қоймалау жүйе және өнімді қоймалық өңдеу Тақырып 14,15. Логисикалық сервис және Ғаламдық логистикалық жүйе
Loading…