Back
Химиялық технологияның негізгі процестері мен аппараттары
Course author: Ермуханова Светлана Тасболатовна
Amount of credits: 5
Пән  Химиялық технологияның негізгі процестері мен аппараттары
Курс авторыЕрмуханова Светлана Тасболатовна– аға оқытушы, магистр
Курс мақсатыЗаманауи химиялық өндірістерді жасау мен дамытуға, сондай-ақ заманауи инженер-технологты кәсіби тұрғыда қалыптастыруға қажетті көлемде негізгі химиялық-технологиялық процестердің теориялық негіздері мен практикалық қолданылуын білім алушыларға жүйелі түрде меңгерту.
Күтілетін нәтижеБілім алушылар негізгі химиялық-технологиялық процестер мен аппараттардың принциптерін меңгеріп, оларды есептеу және жобалау әдістерін қолдана алады, жабдықтардың оңтайлы жұмыс режимдері мен өлшемдерін анықтайды, процестердің техникалық-экономикалық тиімділігін бағалайды және тиімділігі жоғары, қалдықтары аз технологиялар мен ұтымды аппарат түрлерін таңдауға қабілетті болады.
ФорматКурс 15 аптаға арналған, видеолекциялар мен тапсырмаларды қамтиды.
БағдарламаТақырып 1. Кіріспе. Пәннің тақырыбы және мақсаты. Масса мен энергияның сақталу заңдары. Сұйықтар мен газдардың физикалық қасиеттері. Тақырып 2. Гидравлика жөніндегі жалпы мәліметтер. Сұйық ағынының режимін анықтау Сұйықтардың мөлшері және қозғалыс жылдамдығы. Тақырып 3. Химия – технологиялық процестерді (ХТП) моделдеу. Ұқсастық теориясының негіздемесі. Тақырып 4. Химиялық аппараттардағы қолданбалы гидравликаның жалпы мәселелері. Гидростатиканың негізгі теңдеуі Құбырлардың гидравликалық кедергілерін анықтау. Жалған сұйылу қабатының гидродинамикасы. Тақырып 5. Сұйық орталарда араластыру. Араластыруға жұмсалған энергия шығыны. Тақырып 6. Сұйықтарды тасымалдау. Насостар. Насостарды есептеу және таңдау. Газдарды сығу және тасымалдау. Компрессорлар. Тақырып 7. Сұйықты және газды әртекті жүйелерді ажырату. Тұндыру. Сүзу. Центрифугалау. Тақырып 8. Химия өнеркәсібінде жылу алмасу процестерінің маңызы. Жылу тасымалдаудың түрлері, олардың сипаттамасы. Жылу өту және жылу беру.Жылуөткізгіштік. Жылулық сәулелену. Тақырып 9. Химиялық аппараттарға жылу жеткізу және алып кетудің өндірістік тәсілдері. Жылу алмастырғыш аппараттар. Жылу алмастырғыш аппараттарды есептеу. Тақырып 10. Буландыру. Буландыру қондырғылар. Буландыру аппараттары. Тақырып 11. Масса алмасу процестері туралы жалпы мәліметтер. Фазалар арасындағы еркін шекаралы (газ, бу-сұйық, сұйық-сұйық) жүйелердегі масса алмасудың негіздері. Абсорбция. Масса алмасу процестердің ұқсастығы. Тақырып 12. Сұйықтарды айдау. Ректификация. Сұйықтық экстракция. Тақырып 13. Қатты дене және сұйық сұйық (газ немесе бу) арасындағы масса алмасу. Адсорбция. Иондық алмасу. Тақырып 14.Кептіру. Радиациялы кептіру процесін зерттеу.Қатты дене-сұйық жүйесіндегі еріту және экстракциялау. Тақырып 15. Мембраналы процесстер. Мембраналы аппараттардың конструкциялары.   Мембрана түрлері.Ерітінділер мен балқымалардан кристаллдау.

📚 Loading…